Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Күзден комедия күтіңіз!

Күзден комедия күтіңіз!

Күзден комедия күтіңіз!

Алматы қаласында «РОМКОМ. Холостякам тут не место» атты комедияның дубляждық жұмыстары жүріп жатыр. «AiN ENTERTAINMENT» компаниясының тапсырысы бойынша фильмді орыс тіліне дубляждауды «Cinema Tone Pro» студиясы өз мойнына алып отыр. 

«Бұл біздің «Cinema Tone Pro» компаниясымен бірлесе жасап отырған екінші жұмысымыз. Осы жылдың көктемінде ұсынған «Коктейль» атты алғашқы фильміміз өте сәтті шықты. 2013 жылдың күзінде қазақстандық көрермендерге «РОМКОМ. Холостякам тут не место» комедиясын көрсететін боламыз» - деді «AiN ENTERTAINMENT» компаниясының өкілі.

«РОМКОМ. Холостякам тут не место» фильмі нағыз ер жігіттің достығы, әйел ынтымақтастығын, қызғаныш пен қорқынышты, құлшыныс пен нәзіктікті,бәрін айт та, бірін айт ұлы махаббатты паш етеді.

Идеалды қарым-қатынастарға бару үшін ең батыл, ең қауіпті, тіпті ессіз қадамдар жасайтын ханымдар бейнесін осы фильмнен көре аласыз. Әйелдің құпия, тұңғиық жанына үңіліп көрмек болған ер азаматтарымыздың адасып кетпеуі үшін жолбасшы бола алатын фильм «Әйелдер сонымен нені қалайды?» деген сұраққа жауап іздейді. Келбеті көз тартар кейіпкерлер, етене таныс және кенеттен болатын оқиғалар – барлығы да «РОМКОМ. Холостякам тут не место» комедиясында көрініс табады.

«Cinema Tone Pro» студиясының директоры, дубляж режисері Илья Бисеров: «Дубляж жұмыстарына барлық күшіміз салудамыз. РОМКОМ. Холостякам тут не место» – өте көңілді картина. Кейіпкерлер де қызықты әрі күлкілі ойнап шыққан. Сондықтан дауыстарды асқан ұқыптылықпен таңдап жатырмыз. Кастинг әлі де тоқтаған жоқ. Жеті кейіпкердің үшеуін ғана бекітіп үлгердік. Мұнан өзге екінші дәрежелі рөлдер бар, бағын сынап көргісі келетіндерді шақырамыз» - дегенді айтып отыр.

Фильм режиссері – Эрол Озлеви, продюсері – Мурат Токтат, сценарий авторы – Аслы Зенгин, Джерен Аслан, операторы – Джеймс Гуччардо. Басты рөлдерді сомдайтын актерлер қауымымен таныс бола кетіңіз. Олар: Синем Кобаль, Энгин Алтан Дузятан, Седеф Авджи, Джемаль Гюнал, Бурджу Кара, Гюрген Оз.

«РОМКОМ. Холостякам тут не место» фильмінің премьерасы осы жылдың басында Түркияда, Германияда, Ұлыбританияда өтті. Ең алғашқы аптада фильм өз отанынла 3 млн. доллар жинап, 2013 жылғы үздік бестіктің қатарына енді.

Әлем мойындаған фильм қазақстандық прокатқа 2013 жылдың 17 қазанында шығатын болады. Күзден комедия күтіңіз, кино сүйер оқырман!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: concretecanopy.blogspot.com

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 14 тамыз 2013, 14:00
Пікірлер
+0
14 тамыз 2013, 13:21

"Притворись моим парнем" киносын көріңіздер. Жақсы көңіл-күй сыйлайды

+0
14 тамыз 2013, 14:01

ана әйел әдемі ия?)))

+0
14 тамыз 2013, 14:18

Қызық фильм сияқты.

+0
14 тамыз 2013, 17:28

Асыға күтеміз!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.