Динозаврлар қайтып келді

Динозаврлар қайтып келді

Диназаврлардың пайда болуы мен іс-түссіз жоғалуы адамзат баласын ертеден қызықтыруда. Осы алып құбыжықтардың келбетін пайдалана отырып Стивен Спилберг «Юр дәуірінің саябағы» атты фильмге ремейк жасаса, француз суретшісі Филипп Паскуа Париждің Сена жағалауына алып мүсін тұрғызды. Louis Vuitton да өз кезегінде қалыспай Нью-Йорктегі шағын дүкенінің алдына алтынмен қапталған мүсіндерін қоюда.

Филипп Паскуа сұлбасын сызып, үлкен көлемді алып құбыжық жасаған. Ол құбыжық Эйфель мұнарасының әдемі көрінісінде орналасып, Сена өзенінің ағысын бақылап тұр. Сырты толық хроммен қапталған. Басы мен тістерін суретшінің өзі жасаған. Тираннозавр мүсіні – көне мен жаңаны ұштастырған ғажап туынды.

Паскуаның айтуынша: «Суретшінің басты міндеті – адамға ой салу». Бұл оның қолынан келді.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rudaki.ru

Қ. Бүйенбай