"Joker" фильмінің премьерасы 26 қыркүйекте

"Joker" фильмінің премьерасы 26 қыркүйекте

Боевик жанрында түсірілген «Joker» фильмі ағасы үшін кек алатын жас жігіттің өмірін баяндайды.

Басты рөлдерде Виталий Кищенко, Денис Литуев, «Шал» фильміндегі рөлі үшін «2012 жылдың үздік актеры» атағына ие болған Ерболат Тоғұзақов пен «Оқытушы» фильміне түскен Айсұлу Әзімбаева. Фильмнің алғашқы көрсетілімі 26 қыркүйекте.

Фильм ақ-қара түсте түсірілген мистикалық туынды. Фильмді түсірушілер мұндай жанр Қазақстанда бұрын соңды болмағандықтан есте ерекше қалатындығын айтуда. Мұнымен қатар қаражатты үнемдеп, лентаны компьютерде өңдеу оңай болу үшін түсірілім толықтай жасыл фонның алдында өткен.  

«Біз сценарий жазып жатқанда мистикалық боевик түсіреміз деп ойламадық. Соңында мистикаға комикс жанры да қосылатындығын түсініп, киноны қағаз бетін сурет етіп түсірдік. Қолдан салынған суреттердің арқасында түсірілім барысындағы актерлердің қимылдарын үйлестіру оңай болды. Түсірілім күн тәртібін бұзбай дәл өз уақытында 28 күн бойы түсірілді. Виталий Кищенконың уақыты тығыз болғандықтан кейбір көріністер оның қатысуынсыз өтті. Бірінші актерді жеке түсіріп алып, артынша өзге актерлер ойнайтын көріністермен біріктірдік. Осы жерде быраз қиындықтар болды», - деп хабарлайды режиссер Талғат Шыныбеков Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Tengrinews.kz

Қ. Бүйенбай