Қазақстанда үрейлі фильм түсіріледі

Қазақстанда үрейлі фильм түсіріледі

«Nothern Creative Look» шығармашылық шеберханасы үрей мен мистика жанрында қысқаметражды фильмдер сериясын түсіруді жоспарлап отыр.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының түлектерінен құралған шеберханасының есебінде бірнеше әлеуметтік және деректі фильмдер, жарнама роликтері, музыкалық бейнебаяндар бар.

Аталған студия мүшесі, компьютер графикасы маманы Руслан Баженов:"Біз мистикалық кино үшін жаратылысы ерекше жерлерді іздеу үшін Қазақстанға саяхат жасап көрдік. Саяхат барысында Қызылорда, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қарағанды, Петропавл қалаларында болдық. Нәтижесінде, өзіміздің елде де әртүрлі жанрдағы кинолар түсіруге арналған кермет жерлердің бар екендігін көзіміз жетті"- деген екен.

Ұжым дәл қазіргу уақытта түсірілім үдерісінің кестесі мен картасын жасап жатыр. Осы жұмыс біткеннен кейін жыл сайын өткізілетін «Шәкен Жұлдыздары» кинофестиваліне қатысуға өтініш білдірілетін болады.

Жоба режиссері – Тахир Алиев. Ал оның әріптесі картина режиссері Олжан Ыбыраев жаңа технологиялардың көмегімен жарқын картина жасап шығып, естен кетпес әсерлер сыйлайтындығын айтып, уәде беруде.

Отандық мистикалық фильмнің алғашқы көрсетілімі 2013 жылдың соңында өтеді.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: tengrinews.kz