Фильм түсіру оңай емес

Фильм түсіру оңай емес

Үйде де, түзде де біз рахаттана көретін фильмдерді түсіру оңай емес. Түсірілім аяқталған соң режиссерлердің еңбектері ақталып жатса, енді бірде сәтсіздікке ұшырап жатады. Сондай фильмдердің бірі - атақты "Титаник".

1997 жылы «Титаник» фильмінің бюджеті 200 миллион долларды құрап рекорд енгізді.

«Ең жақсы фильм» атауы бойынша «Оскар» және «MTV Movie Award» марапаттарын қатар алған ең алғашқы фильм.

«Оскардың» 14 номинациясы бойынша марапатқа ұсынылған екінші фильм болды. Бірінші орында – «Барлығы Ева жайында» (1950).

Мұнымен қатар «Оскардың» 11 сыйлығын иемденген үш фильмнің бірі. Басқалары – «Бен-Гур» (1959), «Жүзік Әміршісі» (2003).

«Жақсы сценарий» номинациясын алмағанына қарамастан, 1966 жылы «Титаник» «Ең жақсы фильм» ретінде марапатталды.

«Оскардың» 14 номинациясына үміткер болғанына қарамастан, «Ең үздік актер» аталымына ешкім ие болмады.

«Титаник» дүние жүзінде 1 миллиард қаржы жинаған алғашқы фильм болды. Бұл фильмнен соң мұндай үздік нәтижеге «Жүзік Әміршісі» (2003) мен «Теңіз қарақшылары» (2006) фильмдері жете алды.

Солтүстік Америкада ең көп табысқа жеткен фильм. Табысы - $600 788 188. Бұл рекордты әлі ешкім бұза алмады.

«Титаник» 1997 жылдың желтоқсан айынан бастап 1998 жылдың 2 сәуіріне дейін көрсетілімнен түспей 15 апта қатарынан көрсетілген. Одан кейін бұл орынды «Бөгде планеталықтар» фильмі иеленді.

Екатеринбург қаласының «Салют» кинотеатрында ең көп көрсетілгендігі үшін Гинесс рекордтар кітабына тіркелген. Толығырақ айтқанда, көрсетілген фильмнің бір минуты бір миллион долларға сәйкес келеді.

Фильм бюджеті 200 миллион долларға жетіп, жұмсалған қаражаттың орнын оңай басқан. 1910-1912 жж салынған «Титаникке» 7,5 миллион доллар жұмсалған. Ал егер 1997 жылғы ақша құнсыздануын ескерсек, 120-150 миллион долларды құрайды.

Түсірілімге арнайы әрқайсысы 19 метрден тұратын «Титаниктің» 4 үлгісі дайындалған. Бұдан кейінгі рекорд та «Титаникті құтқарыңыздар» фильміне тиесілі. Оның ұзындығы – 16 метр.

Түсірілімге арналған кемелер де шынайы етіп жасалған. Тарихта болған Титаниктің ұзындығы 265 метр. Ал түсірілімге дайындалған жасанды кеменің ұзындығы 231 метр.

Мұзтау балауызбен қапталған көбіктендіргіштен жасалған.

Басты кейіпкердің рөлін сомдауға үміткер болған актерлер:

- Мэттью Макконахи – ол рөлге лайық деп қабылданған ең алғашқы үміткер. Кейін Джеймс Кэмеронның өзі бұл рөлді Леонардо Дикаприоның сомдағанын қалапты.

- Кристиан Бейл де басты үміткерлердің бірі болған. Джеймс Кэмерон екі британдық актерлердің екі американдықтардың рөлін сомдағанын қаламағандықтан, рөлді сомдамаған.

- Маколей Калкин («Үйде жалғыз», «Үйде жалғыз 2» фильмдерінде басты рөлді сомдаушы).

- Ал Розаның рөлін сомдаған Кейт Уинслеттің орнына Гвинет Пелтроу үміткер болған.

101 жастағы Розаның рөлін 86 жастағы Глория Стюарт орындаған. Оның айтуынша, кәрі бола тұра, одан бетер кәрі адамның рөлін ойнау – жағымсыз әсер.

Шын ғашықтардың бір-біріне жалықпастан «Мен сені сүйем» деп айтатын сөзін кейіпкер Роза фильмнің соңында Джек екеуі суға батып бара жатқан кезде айтады. Ал Джек сүйіспеншілігін іс-әрекетімен білдірсе де, бұл сөзді мүлдем айтпаған.

Каледон Хоклидің есімі Джеймс Кэмеронның аға-әпкесі тұратын Каледон мен Хокли жер атауларымен тікелей байланысты. (Канада, Онторио штаты).

Джеймс Камэрон фильмге сценарий жазуды бастаған кезінде Джек Доусен мен Роуз Девитт Букатер қияли кейіпкерлер болады деп жоспарлаған.

Сценарий жазылып болысымен «Титаниктің» бортында «Дж.Доусон» есімді жолаушының болғандығы анықталады. Джозеф Доусон 1888 жылы Дублинде туылған. Оның мәйіті Жаңа Шотландияда басқа да қайтыс болған жолаушылармен бірге жерленген. Бүгіндері оның жерленген жеріне көпшілік баруда.

Түсірілім аяқталған соң «Титаник» кемесінің үлкен үлгілері бөлшектетіліп, темір қабылдайтын жерге өткізілген.

Розаның суретін салып жатқан эпизодтағы қолдар Джеймос Кэмерондікі. Джектің сурет дәптеріндегі басқа суреттер де режиссердің өзіне тиесілі. Джеймс Кэмерон солақай болғандықтан, айна әсерін пайдаланып монтаж арқылы өзгерткен.

Көптеген кілемдер мен аспашамдардың декорациясын кезінде нағыз Титаникті жабдықтаушылар ойластырып, бақылауға алған. Декорациясына 1935 жылы қолданыстан шығып қалған Титаниктің егізі «Олимпиктің» бөлшектерін алып қолданған. Ал «Олимпиктің» қалған бөлшектері Англиядағы «Ақ аққу» қонақ үйінен орын тапты. Сирек ұшырайтын бағалы туындыларды қонақ үй иелері кино түсірушілерге қуана отырып көрсетіп, суретке түсіріп алып, көшірмесін жасауға да рұқсат берген. Титаниктің ішкі көрінісін де «Олимпке» ұқсата отырып жасаған.

Кэмерон фильм барысында, қосымша титрларда осыған дейін тыңдалған әуендерді қолдануға мүлдем қарсы болған. Джеймс Хорнер мен Уиллом Дженнигсом композитрлер әнші Селена Дионмен бірігіп «My Heart Will Go On» өлеңін арнайы жазған. Әнді бірінші болып Джеймсқа тыңдатады. Соңында ән барлығына ұнап, «Оскар» марапатына ие болды.

Шындығында кеменің тұмсығы болмағандықтан, оны үнемі компьютермен кірістіріп отырған. Жасанды тұмсық жасауға жұмсалған қаражатты көргенде Джеймс Кэмерон «Одан да шын тұмсық жасай салғанымыз дұрыс еді!» депті.

«Титаниктің» мұзтаумен соқтығысқан сәтінде Леонардо мен Кейттің арт жағына жасыл экран қойып қойған. Артынан компьютер арқылы айсбергке алмастырған. Шынайылық қоса түсу үшін түсірілім кезінде кеменің үстіне табиғи мұздарды қойған. Сонда борттың ар жағындағы мұзтау – жасанды, ал бортқа кірген мұздар – табиғи.

Джеймс Кэмерон түсірілім барысында үлкен қателік жіберді. 1912 жылы 15 сәуірде аспан айсыз болып, айнала қараңғы болған еді. Ал режиссер декорацияны біраз айқындай түсу үшін шын өмірде офицерлердің қолында болмаған қалта шамдарды оларға ұстатқан. Бірақ, 1912 жылы офицерлердің қолында қалта шам болмаған.

Бұдан өзге қателіктер:

Роза Бостандық Мұнарасына 1912 жылы қарап тұрған.

Зоолог мамандардың айтуынша, «Титаникке» жол сілтеп жүрген дельфиндер Атлант мұхитын емес, Тынық мұхитын мекендеушілер.

Розаның кемедегі жеке бөлмесіне ілінген «Су лала гүлдері» суретін француз импрессионисті Клод Моне кеме суға батып, арада 8 жыл өткен соң бірақ салады.

1912 жылы қалта шәйлар қолданысқа енбегеніне қарамастан, Капитан Смит оны қолданады.

Кемедегі кішкентай шіркеуде орындалатын ұран, қайғылы оқиғаға 25 жыл толған соң жазылады.

Роза Джекке өзінің суретін салып бергені үшін Рузвельт бейнеленген 10 центтік тиынмен ақы төлейді. Негізінен Рузвельттің бейнесі бар тиын 1946 жылы ғана шыққан.

«Титаникте» кездесетін шере (фанера) 1912 жылы әлі қолданыста болмаған.

Джектің көмірмен салған суреттері 80 жыл су астында жатса да керемет сақталған.

Мұнан өзге «Титаникті» толығымен түсірген бөлімдерден кемеге қарай бағытталған толқындарды көруге болады. Мұндай толқындар ашық мұхит ортасында кездеспейді, тек жағалауда болмаса.

Роза түсі жасылдана бастаған «Бостандық Мұнарасына» қарап тұрады. Ал 1912 жылы «Бостандық Мұнарасы» бастапқы қалпын жоғалтпаған еді.

Бастапқы түсірілімде мұржа (труба) суға батып, кеменің де жартысы суға тез кіріп бара жатқанын көруге болады. Ал бұдан кейінгі эпизодта мұржаның кішкене бөлігі ғана суға кіріп, кеменің әлі батпай тұрғанын көреміз.

Фильмде офицер Мэрдоктың кішкентай қайыққа отырғызуы үшін пара алып, 2 жолаушыны атып, артынан өзін атып жіберетінін енгізген. Ал шындығында Уильям Мэрдок өз парызын адал орындап, көп жолаушыны құтқармақ болған. Аман қалған жолаушылардың 75 пайызы Уильям Мэрдок басқарған оң борттан құтқарылған. Осы олқылықтары үшін «ХХ ғасыр Фокс» кинокомпаниясы Мэрдоктің отаны Далбит тұрғындарынан ресми түрде кешірім сұраған.

Сұхбаттарының бірінде Кейт Уинслет теңізшілердің бас киімдеріндегі «ENIL RATS ETIHW» жазуын көріп көпке дейін күлкісін тыя алмағандығын айтқан.

Брок сақалды көмекшісімен сөз таластырып келе жатып бұрылған сәтінде «темекі тартуға болмайды» таңбасын анық көруге болады, бұдан кейін неге екені белгісіз таңба мен кереге жоқ болып кетеді.

 

Қартайған Роузды «Келдыш» бортына тікұшақпен алып келген кезде құлағына ұзын сырғалар тағылған болатын. Бірер минуттан соң ол сырғалар дөңгелек сырғалармен алмасады. 100 жастағы Роуздың бірер минут ішінде сырға ауыстырып үлгеруі мүмкін бе?

Фильм соңында сырғалар қайтадан бастапқы қалпына келген.

 

Роуз фильмнің басында көліктен түскенде ернінің үстіндегі меңі сол жағында болады. Ал киноның басқа бөліктерінде түгелдей оң жақ бетінде болады. Бұл фильмді айна әсерін қосып түсірумен байланысты.

Айна әсерін қолданудағы тағы бір қателік: кинооператор камерасының құлағын сол қолымен бұрап тұр. Ал камера құлағы тек оң жақ бетінде болады.

Капитан Смит Мердокқа «Толықтай алға» бұйрығын берген кезде күн сол жақ бетінен түсіп тұрған. Мердок бұйрықты орындауға бара жатқан кезде күн тура алдынан түсіп тұрды.

Джек пен Фабрицио Титаниктің тұмсығына дельфиндерді көруге барады. Кейін осы жерге Роуз бен Джек те барады, алайда екі тұмсық бір-бірінен мүлдем бөлек.

Капитан Смиттің бақылау кезіндегі жылдам өзгерістер.

Джек пен Роуз жанынан ұзын етекті пальто киген ер адам өтіп бара жатқан кезде суреттер жайында сөйлесіп отырады. Бірер секундтан кейін ұзын пальто қысқа әрі сұр түсті пенжакқа айналып кетеді.

Бұл жерде оператор өзінің түскенін байқамай қалған.

Джек пен Роуз кездесетін кезде терезеден телеэкрандағыдай көк түсті байқауға болады. Ол кездегі сырттағы көрініс басқа еді.

Кэл мен Роуз түскі ас ішіп отырған кезде Кэлдың шыныаяқты орнына қойып жатып, бірер секундтан кейін аузына апарып шәй ұрттап жатқанын көруге болады.

Жасанды тұмсық екені білініп қалған.

Джектің салған суреті мен Броктың сейфтен алған суреттері мүлдем бөлек. Бұдан Джек бірнеше сурет салған ба деген сұрақ туындайды.

Титаник мұзтауға жақындап қалған кезде адамның сүйенішті ұстап тұрғанын көрсек, келесі кадрда оның сүйенішке енді ғана жақындап қалғанын ғана байқауға болады.

Роуз өзіне көмектесуден бас тартқан Стюардты соққан кезде, оның қолына алдын ала жасанды қан жағып қойғанын көруге болады.

Роуз әйнекті түгелдей сындырып, балтаны енді алатын сәтінде әйнектердің біразы өз қалпына келіп қалғанын көруге болады.

Роза Джекке көмектесуге бара жатқан кезде балтаны қырынан іліп қойған, ал алатын сәтінде балта мүлдем басқаша тұр.

Джек пен Роуз өздерін атпақшы болған Кэлден қашып келе жатқанда жертөреде күн сәулесі жарқырап тұрады, ал ол кезде түн болатын.

Эндрюс мырза сағаттарды түземек болған сәтте қолтық тұсынан ағарған жіпті байқауға болады. Бұл шарап құйылған тостағанды құлатуға арналған жіп.

Кеме екіге бөлінген сәтте адамдардың белінде арқандар болған.

Роуз бен Джектің жанында бас киімде тұрған адамның үстінде құтқару жилеті бастапқыда жоқ болатын, артынан белгісіз жағдайлармен пайда болады.

Қос ғашық суда жатқан есіктің үстіне шығар кезде аспанда жұлдыздар жарқырап тұрады, бірер сәттен соң жымыңдаған жұлдыздар жоқ болып кетеді.

Жас Розаның көздері қара-қоңыр болса, қартайған Розанікі мүлдем бөлек.

Бұл олқылықтарда байқау үшін, фильмді қайта көруімізге тура келетін сияқты.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Суреттер: euromag.ru

Қ. Бүйенбай