"Қазақфильм" кастинг жариялайды

"Қазақфильм" кастинг жариялайды

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы режисер Айдос Досымғалиевтың "Лимонад" атты қысқаметражды кинофильміне басты рөлдерге және басқа да жанама рөлдерге таланттар іздейді, деп хабарлайды киностудияның баспасөз-қызметі. 

Киностудия осы кастинг бойынша қазақ тілін жетік білетін жеті жасар 3-4 қазақ ұл бала мен қыз баланы іздейді. Сонымен қатар, әженің рөлін сомдайтын 65 жастан 70 жасқа дейінгі аралықтағы қазақ әйел кісі қажет. Ал атаның рөліне 70 жас пен 75 жастың аралығындағы қазақ ер кісі керек. Дүкен сатушы әйел кісінің рөліне 25 пен 30 жас аралығындағы қазақ әйел адам керек. Ал әскерлердің рөлін сомдауға спортпен айналысатынн 18 жас пен 20 жас аралығындағы орыс жігіттері қажет. 

Кастинг 10 тамыз күні өтеді. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: diapazon.kz

А. Әбілхан