«Жігіт пен қыз» – сіз бен біз жайлы фильм

«Жігіт пен қыз» – сіз бен біз жайлы фильм

Кеше, 24 шілде күні «Цезарь» кинотеатрында жастарға арналған «Жігіт пен қыз» («Он и она») атты қазақстандық жаңа кинофильмнің тұсаукесері өтті.


Кинофильмдегі басты рөлдерді Жандос Айбатов пен Динара Бақтыбаева сомдайды.

Динара Бақтыбаева

Ал атамыш картинанаға осы уақытқа дейін отандық киноөндірісіне қысқаметражды фильмдер арқылы үлес қосып жүрген Сәкен Жолдас және қазақстандық «Үйлесім сабақтары» («Уроки гармонии») кинофильмінің продюсері Әлия Меңдіғожин продюсерлік еткен. 

Айта кетерлік жәйт, «Үйлесім сабақтары» («Уроки гармонии») кинофильмі үздік операторлық жұмысы үшін 2013 жылдың ақпан айында Берлинде «Күміс аю» иегері атанған болатын. Сонымен қатар, кинофильм Нью-Йорк қаласының Трайбека кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болып, швейцариялық Базеле халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алған. Сиэтледегі (АҚШ) халықаралық кинофестивальден де бас жүлде алып қайтқаны тағы бар.

Сонымен қатар, Сәкен Жолдас фильмнің әрі режисері, әрі сценарисі. 

Кинофильмнің бюджеті 300 мың АҚШ долларын құрайды. Кинолента Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясынын тәуелсіз түсірілген.

Продюсер Әлия Меңдіғожиннің айтуынша, кинофильм он алты және жиырма бес жас арасындағы жастарға арнайы түсірілген. Актерлер арасында танымал жұлдыздардан Жанна Қуанышова мен Айжан Нұрмағамбетовалар бар.

Кинофильмің сценарийі қарапайым. Ондағы өрбитін оқиғалар желісінде алматылық студент жігіт пен қыздың махаббат тарихы баяндалады. Жігіт – мейірімді, қарапайым, аздап алаңғасар. Қыз – өжет және кейде мейірімді, сұлу, нәзік, алдына мақсат қойғыш.

«Фильм әлдеқандай қарбаласпен және шыж-быжбен басталады. Бірақ соңы басталған кездегідей көңілді аяқталмайды. Мүмкін, бәрі де драмаға ұласып кететін шығар», - дейді қазақстандық жаңа кинофильмнің режисері.

«Жігіт пен қыз» («Он и она») атты қазақстандық жаңа кинофильм 2013 жылдың қыркүйек айында отандық кинопрокатқа жол тартпақ. 


Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер Динара Бақтыбаеванң vk.com-дағы жеке парақшасынан алынды

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Қарбызды кімдер жемегені дұрыс
Қарбызды кімдер жемегені дұрыс