Оқи отырыңыз

Қазақ кедейлікке көмбіс, байлыққа шыдамайды екен.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / «Оскарды» алған үздік мультфильмдер

«Оскарды» алған үздік мультфильмдер

«Оскарды» алған үздік мультфильмдер

1887 жылдың 20 шілдесін мультипликация тарихының басы деп санауға болады. Дәл осы күні өздігімен білім алған инженер Эмиль Рейно алғаш рет праксиноскоп құралын ойлап тауып, оны жұртқа таныстырды. Праксиноскоп – жылжымалы кадрды көрсететін құрал.

Бүгіндері мультипликация алысқа қадам басты. Тіпті мультипликация саласы киномен де тең тұратын болды. Сондықтан, қаншама мультипликациялық туындылар да «Оскарға» ие болды. Бүгін біз сіздерге «Оскар» жүлдесіне ие болған ең үздік анимациялық фильмдер жайлы айтып бермекпіз. Бұл туындылардың астарында да талай ой жатыр, талай еңбек жатыр. Термен және еңбекпен келген үздік шығармалар өз бағасын алып "Оскарға" ие болып жатқаны да ғанибет. Бүгіндері анимациялық фильмдердің абыройы да, сапасы да асқақтап тұрғаны сөзсіз. Тек көретін көрермені болса, болғаны.

"Шрек"


"Шрек" – толықметражды анимациялық мультфильм ретінде ең алғаш жоғарғы сыйлықты алған туынды. Авторлар бір анимациялық фильмге барлық дерлік ертегі кейіпкерлерін жинаған. Сонымен қатар, олар жасыл түсті Шрек есімді кейіпкерді де өмірге алып келді. Кейіпкерлерді Майк Майерс, Кэмерон Диас және Эдди Мерфи әртістер дыбыстаған.

"Елеспен жоғалғандар" ("Унесенные призраками")


Бұл аниме-мультфильмнің желісі бойынша, басты рөлдегі қыз бен оның ата-анасы үйге қайтар жолдан адасып қалып, елестер ордасына тап болады. Қыздың әке-шешесі сонда дәмді тағамнан ауыс тиемін деп шошқаға айналып кетеді. Ал қыз өз ата-анасын қайта адам қалпына келтіру үшін көптеген қиындық пен қорқынышты басынан өткізеді.

"Немоны іздеу жолында" ("В поисках Немо")


"Немоны іздеу жолында"  балықтар жайлы ерекше әрі әсерлі оқиға. Туындыда тағдырдың айдауымен екіге айрылған әке мен баланың тағдыры баяндалады. Екеуі бір-бірімен қайта қауышу үшін бастарынан талай жайды өткізеді. Махаббат пен достықты бағалау керектігін түсіндіретін бұл мультфильм – анимация саласындағы үздік туындылардың көшін бастайды. 

"Суперотбасы" ("Суперсемейка")


Қызықтырғыш тартымы жоғары ойын-сауыққа құрылған бұл мультфильм талай қызықты оқиғаларға толы. Жан-жаққа өз жөнімен кеткен кейіпкерлер жасырын бір ұйымнан өте маңызды, әрі күрделі тапсырма алады. Олар әрқайсысы өздерінің батырлық машықтарын айтып бір-бірімен бөліседі.

"Рататуй"


Мультфильмнің желісі қарапайым: Реми есімді тышқан туыстары мен достарының қарсылығына қарамастан бас аспазшы болуды армандайды. Оларда жануарларға ас үйде орын жоқ деген стереотип қалыптасып қалған. Сондықтан, оның бастамасын ешкім елемейді де, қолдамайды да. Бірақ Ремидің қолынан келмейтіні жоқ. Бір күні ол мейрамхананың жолы бола бермейтін Лингвини есімді жұмысшысымен танысып, арманын жүзеге асыра бастайды. Мультфильм барысында оқиғалар өрбіп жатып, арасында Париж қаласының көрнекі орындары да көрсетіліп отырады. 

"ВАЛЛ-И"


Мұның режисері - "Немоны іздеу жолында" мультфильмін жарыққа шығарған Эндрю Стэнтон. Бұл туынды да "Оскарды" жеңіп алды. Мұнда басқа ғаламшарға көшіп кеткен адамдардың артынан қалған қоқысты жинау жұмысы туралы үзік оқиға көрсетіледі. Әйткенмен, бұл туынды суық техника жайлы емес, махаббат пен достық жайында.

"Жоғары" ("Вверх")


Карл Фредриксен есімді қартаң джентельмен сүйікті жұбайынан айрылған соң өте тұйық күйге түсіп, өзіне ештеңені де керек етпейді. Бірақ кішкентай бір бала оның Жұмақ сарқырамасын көргісі келетін арманын есіне түсіреді. Өзінің жаңа досымен Карл шал дәл үйінен әуе шарына отырып қиындығы мен қаупі көп саяхатқа аттанады.

"Ранго"


Гор Вербинскидің туындысы Жабайы батыста пайда болып ойда жоқта шериф атанған хамелеон жайлы. Енді кішкентай қаладағы барлық тәртіп пен жануарларды орналстыру және жоғалып кеткен суды табу секілді маңызды жұмыстың бәрі де оның мойнында. Ең қызығы Джонни Депп мұндағы басты рөлді дыбыстап қана қоймаған, сонымен қатар, мультфильмге кейбір қимылдарын да салып берген. Оны авторлар арнайы технологиямен өңдеген.

"Батыл жүрек" ("Храбрая сердцем")


Бұл мультфильмдегі оқиғалар желісі мәгілік тақырыпқа айналған ата-ана мен баласы арасындағы қарым-қатынас жайында өрбиді. Шотландиялық жауынгердің қызы Мерида ханшайым корольдіктің барлық дәстүрлерін сақтаудан бас тартып, ата-анасына қарсы шығады. Мерида ханшайым осы мәселеге байланысты тақуа әйелге барып кеңес сұрайды. Мұнысымен оның жүгіне жүк қосылып, басы бәлеге қалады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: kinopalatka.ru

8866 4
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 23 шілде 2013, 18:50
Пікірлер
+0
23 шілде 2013, 22:13

"Батыл жүректі" былтыр қазақша аудармасына екі бауырымды ертіп апарғанмын. Олардан бұрын өзім әсерленіп, керемет күйде шыққан едім. Өте мазмұнды, адамға сенім ұялататын, керемет мультик!

+0
24 шілде 2013, 09:26

бәрін көріппін ғой, бәрі де маған ұнаған мультиктер. а панда алмаған ба?

+0
24 шілде 2013, 12:51

ят ай, біразын көріп тастаппын ғой))

+0
25 шілде 2013, 01:20

O~Kormegenderin iwim piskanda karamasam!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...