"Оскар" мүсіншесі қалай жасалады?

“Оскар” сыйлығы - кино өндірісі саласындағы ең беделді сыйлық болып табылады.  1929 жылы кино саласының үздіктеріне арналып бастау алған бұл үрдіс әлі жалғасын тауып келеді. 1933 жылы Уолт Дисней бұл марапатты "Оскар" деп атады. Оған дейін мүсінді – “Алтын сыйлық”, “Ерен еңбегі үшін Мүсіні”, тіпті, “Темір адам” деп те атаған. Ал осы беделді де танымал сыйлықтың мүсіншесі қалай жасалатынын білесіз бе?

“Оскар” мүсіншесін алғаш болып MGM кинокомпаниясының қоюшы суретшісі Седрик Гиббонс ойлап тапқан. Дерек бойынша Седрик сыйлық мүсіншесінің нобайын іш пыстырарлық бір жиналыста қойын кітапшасына салған екен. Кейіннен мүсінші Джордж Стэнлимен бірге атақты мүсіншені жасап шықты. Биіктігі 34 см, салмағы 3,85 кг оскарлық мүсінше алтынмен қапталған британийден құйылған. Cонымен қатар мыс, никель және күміс те жалатылады. Төменгі бөлігі қара мәрмәрдан жасалған тұғырдан тұрады. Негізінен сыйлық мүсіншесі ленталық белдікте тұрған қылышты батырды бейнелейді.

1983 жылдан бері “Оскар” мүсіншесі Чикагодағы R.S. Owens & Company өндіріс орнында жасалып келеді.

Ең бірінші британийден мүсіншенің нобайын жасайды.

Жаңадан құйылған мүсіншенің ақауларын қарап шығады. 

Құйылған мүсіншелерді салқындатады. 

Салқындаған соң, мүсіншенің артық құйылған тұстарын қырнап тегістейді.

Мүсіншені жылтыратып өңдейді.

   

Келесі кезекте мүсіншелерді нөмірлейді.

           

Гальваникалық ваннаға салады.

Келесі кезекте мүсіншеге жұқа мыс жалатылады.

Соңынан никель ваннасына салады.

Келесі кезекте күміспен күптеледі.

        

Мүсіншеге 24 караттық алтын жалатылады.

Ең соңында қара мәрмәрлі тұғыры орнатылады.

Дайын болған мүсінше қорапқа салынып, иесін күтеді.

Сан жылдық тарихында "Оскар" сыйлығы үш рет қана өткізілмеген екен. 1938 жылы Лос-Анджелесті су басқанда, 1968 жылы Мартин Лютер Кинг өлтірілгенде және 1981 жылы АҚШ президенті Рональд Рейганға шабуыл жасалғаннан соң. Қазіргі таңда "Оскар" сыйлығы 24 номинация бойынша беріледі.

           

суреттер: pro100news.info, avivas.ru

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Медицина – көмек емес, қызмет. ER-BATYR жобасында дәрігер Киреев
Медицина – көмек емес, қызмет. ER-BATYR жобасында дәрігер Киреев
Golden Boy президенті Головкин – "Канело" ІІІ жекпе-жегінің өтетін уақытын айтты
Golden Boy президенті Головкин – "Канело" ІІІ жекпе-жегінің өтетін уақытын айтты
Қысқы дөңгелекті қалай таңдаған жөн
Қысқы дөңгелекті қалай таңдаған жөн
Алакөл суының емдік қасиеті
Алакөл суының емдік қасиеті
Том Сойер немесе Изумруд қаласының сиқыршысы: қазіргі балалар қандай кітап оқиды?
Том Сойер немесе Изумруд қаласының сиқыршысы: қазіргі балалар қандай кітап оқиды?
Дүйсенәлі Әлімақын: "Қайтқан құстар ғазал айтты төбемде"
Дүйсенәлі Әлімақын: "Қайтқан құстар ғазал айтты төбемде"