Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Санжар мен Қайсар" ауылда!

"Санжар мен Қайсар" ауылда!

«Санжар мен Қайсар» кішкентай көрермендерімен қайта қауышады. 6 шілдеден бастап телехикая кейіпкерлері жазғы демалыс пен оны өткізудің қызықтары жайлы сыр шертеді. Өздерінің қарым-қабілеттерін дамытатын хоббилерімен айналысып, балаларды салауатты өмір салтына баулиды.

Былтыр эфирге шыққан «Санжар мен Қайсар» көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, балалардың сүйіп көретін телехикаясына айналып үлгерді. Мейірімді, өткір де, өжет ағайынды бірінші маусымда «Өзгеғаламшарлықтарды іздеу», «Алтын адам», «Уақыт машинасы», «Болашақ чемпиондар» сияқты тақырыптарды зерттеген болса, жаңа маусымда жеткіншектер жазғы демалыста ауылға аттанады. Заманауи қазақы отбасында өскен екі ұл ауыл өмірінің қызығына бөленіп, атпен шабу, сиыр сауу, мал бағу, айтысу деген сияқты қазақы салт-дәстүрлерді жетік меңгеретін болады. Сонымен қатар, ауылда Санжар алғаш ғашық болып, Қайсардың мазағына қалатын эпизодтар да бар екен.

Телехикаяның тұсаукесеріне орай ұйымдастырылған сұхбат барысында екі жеткіншекті сомдаған Абылай Жұмабай (Санжар) мен Нұрдәулет Есболған (Қайсар) қалада өскендерін және ауылда өткен түсірілімдерде біраз қиналғандарын жасырмады. Алайда, түсірілім тобында жылы атмосфера қалыптасып, балалар тез үйренісіп кетіпті.

Телехикая режисері Ахат Ыбыраев балалармен жұмыс істеу сырымен бөлісті. Ол бар-жоғы, оларға бала сияқты емес, ересек адамдай қарайтынын айтты. Біртіндеп балалар да ересек адамдардай өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарай бастаған. Сонымен қатар, режисер балалардың ерекше дарындарынан сыр шертті. Мысалы, Абылай фильм, мультфильм кейіпкерлерін жақсы сала алатын болса, Нұрдәулет рэпті шебер оқиды екен.

Телехикаяны түсіру тобының дерлігі жас мамандар және «Болашақ» түлектерінен құралған. Сонымен қатар, бұл жобаның ерекшелігі, барлық жұмыстарға тек отандық мамандар жұмылдырылған. Жақында телехикаяның жеке сайты ашылмақ. Онда көрермендер басты кейіпкерлер жайлы ақпараттарды оқып, телехикаяның эфирге шыққан серияларын онлайн тамашалай алатын болады. Сериалға қатысты тың жаңалықтар да жүйелі түрде осы сайтта жарияланып тұрады.

Бірінші маусымдағыдай Санжар мен Қайсардың ата-анасын театр актерлері Жанат Тінбаев пен Баян Қажынәбиева сомдайды. Ал әпкесінің рөлі Аружан Жазылбекованың еншісінде.

6 шілде күні барлық кішкентай көрермендерді «Балапан» телеарнасы экран алдына, Санжар мен Қайсардың шытырман оқиғаларын бірге тамашалауға шақырады.

Суреттер: balapantv.kz

Автор: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 04 шілде 2013, 19:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.