«Өрмекші адамның» екі сиквелы қашан шығады?

«Өрмекші адамның» екі сиквелы қашан шығады?

Sony Pictures компаниясы «Жаңа өрмекші адам» («Новый Человек-паук», «The Amazing Spider-Man») фильмінің екі сиквелын қашанға жоспарланғанын айтып берді.

2012 жылдың жазында шыққан «Жаңа өрмекші адам» франшизаның қайта шығарылымы еді. Бұған дейінгі шыққан үш фильмің қойылымымен айналысқан Сэм Рэйми және басты кейіпкері Питер Паркердің рөлін сомдаған Тоби Магуайер. «Жаңа өрмекші адамда» бұл рөлді Эндрю Гарфилд сомдады. Лентаның режисерлік жұмысын Марк Уэбб («500 дней лета») жасаған.

Түсірілім уақыты 2013 жылдың ақпанында басталған еді. Екінші бөлімінде де басты қаһарман образын Эндрю Гарфилд ойнаса, дәл солай қойылым жұмысымен Марк Уэбб айналысқан. «Жаңа өрмекші адам» фильмінде Эмма Стоун, Пол Джаматти, Джейми Фокс, Крис Купер және Мартин Шин сияқты атақты жұлдыздар бой көрсетеді. Фильм премьерасы 2014 жылдың сәуір айында болады деп күтілуде.

Ал енді Sony компаниясы фильмнің үшінші және төртінші бөлімдерінің уақытын жария етті. Үшінші фильм 2016 жылдың 10 маусымында, ал төртінші – 2018 жылдың 4 мамырына белгіленген екен. Соңғы сиквелдердің қоюшы операторы кім болатыны жайлы ақпарат әзірге жарияланбады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: lenta.ru

А. Құлтай