Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Алматылықтар ашық аспан астында кино көреді

Алматылықтар ашық аспан астында кино көреді

Алматылықтар ашық аспан астында кино көреді

«Арт-алаңқайлар» шарасының аясында Алматы қаласының саябақтарында кинокөрсетілімдер ұйымдастырылуда.

14 маусымнан бастап «Арт-алаңқайлар» шарасының аясында үш ай бойы әр демалыс күндері Алматы қаласының барлық аудандарында түрлі көңіл көтеретін мәдени шаралар өтеді. Осы аптаның демалыс күндерінде алматылықтар ашық аспан астында кинофильм тамашалайтын болады.  

«Көше кинотеатрларының» тұсауы Тұңғыш Президент саябағында кесіледі. Одан кейін бұл шара 28-ші Панфиловшылар саябағы мен Family Park саябағында жалғаса бермек.

Сенбі күні, яғни 15 маусым, түнгі сағат 22.00-де алматылықтар Тұңғыш Президент саябағы мен Family Park саябағынан «Қара жасын» ("Черная молния") кинофильмін тамашалай алады. Ал 28-ші Панфиловшылар саябағына жолы түскен алматылық қонақтар мен қала тұрғындарын ашық аспан астында «Президент Линкольн: Қанішерлерге қарсы күрес» («Президент Линкольн: Охотник на вампиров») кинофильмі күтетін болады.

«Арт-алаңқайлар» шарасы 31 тамызға дейін әр демалыс күндері өтетін болады. Барлық ұйымдастырушыларға Бостандық, Медеу, Әуезов, Жетісу, Түркісіб және Алатау аудандарында көңілді шараларды ұйымдастыруға 100 сағат бөлінген.

«Арт-алаңқайлар» шарасы Алматы қаласында осымен екінші рет өтіп жатыр. Шараны қаланың мәдениет басқармасы және «Евразиялық мәдени альянс» ұйымы қолдап отыр.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: tourblogger.ru

1337 7
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 11 маусым 2013, 16:10
Пікірлер
+0
11 маусым 2013, 17:09

:shock: :shock: :shock: Дәл осы менің ойымда жүрген. Неге ашық аспан астында саябақта кино көрмеске деп жүргем. Ойымды оқып қойыпты ғойййй :D

+0
11 маусым 2013, 17:12

БАРАМ!БАРАМ!

+0
11 маусым 2013, 17:13

Билетті қайдан алуға болады?

+0
11 маусым 2013, 18:31

Меніңде барғым келеді

+0
12 маусым 2013, 09:22

кім кедергі?)

+0
12 маусым 2013, 09:22

мына кинолар мағам қызық емес, басқа қандай кинолар болады екен??

+0
12 маусым 2013, 15:24

Күшті, алдында мен де ойлап едім. Билетті қалай алуға болады?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...