Атақты Карлсон жайлы жаңа фильм!

Атақты Карлсон жайлы жаңа фильм!

Швед жазушысы Астрид Линдгрен шығармасының желісімен кеңес заманында мультфильм түсірілген еді. Ал енді аса мейірімді Карлсонды жаңа фильмнен көретін боламыз. 15 наурыздан бастап, еліміздің барлық кинотеатрларынан режиссер Сарик Андреасянның «Тот еще Карлосон» фильмі көрсетіле бастады.

«Тот еще Карлосон» - тек балаларға ғана емес, кез келген жастағы бүкіл отбасы мүшелеріне арналған кино. Ең әуелі, «Тот еще Карлосон» фильмі ата-аналарға арналған. Фильмді көру барысында олар өздерінің бала тәрбиелеу кезінде жиі-жиі жіберетін қателіктеріне көз жүгірте алады.

Басты кейіпкер Карлосон ұша алатын кішкентай ғана адам. Оның жүрегі кең, қолы ашық. Ол - таңғажайып әрі көркем метриктер елінің тұрғыны. Метриктер елінің тұрғындарының барлығы ұша алатын томпақ жандар. Басты мақсаттары - кішкентай балаларға жәрдемдесіп, көмек қолын созу.

Кішкентай бойлы, тәттіқұмар Карлосон жұмыс басты ата-анасының назарын  аңсап жүрген 7 жасар балақайға келіп, оның жалғыздығына дәру болады. Ол балақаймен дос болып, тек оның ата-анасына көрінбей жүреді. Балақайдың ата-анасы мансап қуған жандар. Отбасы емес, жұмысты алға тартқан олар айырылысуға шақ қалады. Сол кезде Карлосон отбасын сақтап қалуға бар күшін салады.

Фильм барысында кішкентай балалар қолдан жасалған ойыншықтармен ойнамайды. Себебі, қазіргі балалардың бар қызығы - компьютерлік ойындар мен жаңа технологиялар. Ал ауқатты отбасынан шыққан балалар өзара бәсекелеседі.


Басты кейіпкер Карлосонды танымал актер, телевизия жұлдызы Михаил Галустян сомдады. Галустянның айтуы бойынша, ол фильмге түсу үшін біраз салмақ қосқан. Сондай-ақ, түсірілім кезінде ол тәтті тоқаштар мен бәліштерге сылқия тойған.

Режиссер Сарик Андреасян фильмі атақты швед жазушысының шығармасының желісіне сүйенбей, жаңа оқиғаны ойлап тапқан. Атақты шығарма мен жаңа туындының басты кейіпкерлері өзара ұқсамайды. Олардың басты ұқсастығы – шатырдағы үйі мен тәттіқұмарлығы.

«Тот еще Карлосон» фильмі өте қызықты әрі тұщымды. Фильмде Нона Гришаева, Михаил Галустян, Игорь Верник, Гоша Куценко, Александр Олешко, Мария Семкина, Дмитрий Хрусталев,Андрей Федорцов, Олег Табаков, Евгений Кошевой т.с.с. танымал кино және театр актерлері түседі.

Фильм түсіру жұмыстары 2011 жылы берілді. Әу бастан фильм қаңтар айына жоспарланған. Алайда, фильм авторлары заманауи ертегіні экранға наурыз айының 15 жұлдызында шығаруды жөн санады. Бюджеті 4 000 000 АҚШ долларын құрайды.

Суреттер: kinomir.org, kp.ru


Ғ. Ұзақ