Сөздік қорды көбейтудің амалы бар ма?

Сөздік қорды көбейтудің амалы бар ма?
Фото: vchemraznica.ru

Өмір экологиясы: бірнеше айлық жаттығудан соң сөйлеу мәнеріңіз жақсарып, сыпайы сөйлеп әрі ойыңызды анық жеткізетін боласыз:

1. Мынадай қызық жаттығу бар: Тұрмыстық заттардың бірін алыңыз да, 5 минут ішінде әдеби тілде оны сипаттап шығыңыз. Басында бұл тірлігіңіз күлкіні келтіруі әбден мүмкін. Тіпті, сөздік қорыңыздың аздығынан қиындық туары сөзсіз. Кейін жаттығу уақытын ұзартып, қиындық деңгейін ұлғайтыңыз. Бұл жаттығу жақын арада дұрыс сөзді таңдауға мүмкіндік береді.

2. Өз сөздеріңіздің арасынан жаргон әрі паразит сөздерді шығарып тастаңыз: «уже», «қысқасы», «соншалықты». Сөйлеу барысында көңіл-күйіңізді білдіретін сөздерді сирек қолдана бастаңыз.

3. Сөйлеу ырғағына назар аударыңыз. Бір ырғақты сөйлеу әдісі адамның ішін пыстырады. Орынды жерінде тоқтап, көңіл-күйіңізге байланысты сөйлеңіз. Бірақ, асыра сілтеуден абай болыңыз.

4. Әңгіме барысында метафора, теңеу мен мақалдарды қолдана бастаңыз. Бұл сіздің әңгімеңізді жандандыра түседі. Әрине, әзілді де ұмытпаңыз. Дегенмен, әзіледеудің де орны бар екенін естен шығармаңыз.

5. Тілдік қорды дамыту үшін үлкен орта керек. Егер ол болмаса, радио мен телехабарлар көмекке келеді. Өзіңіздің сүйікті теле жүргізушіңізге еліктеп, оның тіркестерін қайталап, дауыс ырғағына сай сөйлеуге тырысыңыз.

6. Түрлі әдеби жанрларды жиі оқыңыз: газет, журнал. Ең дұрысы – классикалық әдебиетті оқу. Асықпай, әр сөйлемге мән бере оқыңыз. Сөздік қорды молайтып қоймай, сөйлемді дұрыс құрастыруға үйретеді.  

Бірнеше айдан соң ойыңызды еркін жеткізе алатын дәрежеге жетесіз.

Т. Есқали