Жастар әрбір сөзі мен ісіне жауап беру керек

Жастар әрбір сөзі мен ісіне жауап беру керек
Фото: otyrar.kz

Тәуелсіздік алған кезден бері Елбасының «Қазақстан – жастардың қолында» дейтін қанатты сөзін әлі күнге дейін айтып келеміз. Қарап отырсақ, сол айтып жүрген жастардың алды жиырма алтыға келіп, ел билігіне араласып, шешім шығаратын бозбалаға айналған. 

«Рухани жаңғыру» арқылы жеткен әрбір сөз бен іс, міндет пен талап қазіргі «жастар» деп саналып келген буынның санасына жету керек. Себебі біз өзімізді әлі жас сезініп жүрміз. Жоқ олай емес. Біз есейіп, ендігі етек-жең жиған, елге тұтқа болар азаматпыз. Сондықтан қазіргі жастар әрбір сөзі мен ісіне жауап беру керек.

Мәселен әлеуметтік желіде отыратын түрлі блогер атанып үлгерген, тілші, журналист болсын бәрі де өз ісінің маманы екенін анық әрі шынайы көрсету керек. Бос сөз бен бос сылбырлықтың заманы өтті. Кеше кешіргенімен бүгін кешірмейді. Біз, бізден кейінгі ұрпаққа саналы әрі сапалы тәрбие бермесек те, көрген-білген білімдерімізді ұштастырып, олардың қалыптасуына жол ашуымыз керек. Себебі кейінгі ұрпақ біздің алдымыздағы буынды оқымайды. Тек еске алады. Біледі. Ал «біз» деп отырған қазіргі тәуелсіздіктің құрдастарының әрбір сөзі оқылып, ісі қаралады. Оны аңдып, бағып отырған кейінгі ұрпақ. Сондықтан әлі жаспын деп, ойыңызға келген пікірді жазып, білмейтін дүниеңізден білетін ғылым жасамай, кейінгі ұрпақты адастырмай, дұрыс бағытқа бет алыңыз.

Ақпарат пен технологияның заманында жастардың басты мақсаты мақалада көрсетілгендей, бірінші ғылым, білім болуы маңызды. Одан қала берді рухани жан дүниенің қалыптасуы да керек. Осы екі дүние ұштасқан кезде ғана бір ұрпақ екінші ұрпақты тәрбиелей алады. 

М. Ақан