Тұтынушыны ұстап қалатын 10 сөз

Тұтынушыны ұстап қалатын 10 сөз
Фото: xn--c1abcnmnc.xn--p1ai

Бұл сөздерді өз сауда-саттық сайтыңызда, күнделікті тұтынушымен жұмыс істеу барысында қолданыңыз. Бұл сөздер сізді өкіндірмейді.

1. Міндеттемейміз

Мәселен «Біз сізді бұл дүниеге міндеттемейміз».

2. Ақшаңызды қайтып алуға кепілдік береміз

Егер сіз өзіңіздің сатып тұрған затыңызға сенімді әрі сапасына күмәнмен қарамасаңыз, осы сөзді міндетті түрде қолданыңыз.

3. Тапсырыс берейін бе?

Сайт бетінде немесе қолма-қол сауда жасау кезінде тұтынушы сізді таңдауын қаласаңыз осы сөзді пайдаланыңыз. Ол ой үстінде тұрып өзіне керегін таба алмай тұрса, бұл жауап оған сенім береді.

4. Ең жақсы таңдау

Бұл сөз арқылы сіз тұтынушының өзін де қанағаттандырасыз.

5. Тегін жеткіземіз

Кез келген жағдайда тұтынушыны риза қылу үшін сапалы затты тегін жеткізіп беру мәрттік қана емес, жұмысыңыздың алға басуына пайдалы.

6. Сіз кетпестен бұрын...

Тұтынушы шығып бара жатқан кезде оған «сіз кетпестен бұрын...» деп байланыс құралдарын алмастырып алуға болады. Яғни телефон номері немесе үйінің мекен-жайы.

7. Дүкендерде сатылмайды

Егер затыңыз сапалы ғана емес, ерекше әрі шынымен де дүкендерде кездеспесе бұл сөзді алға тартыңыз. Бұл басты назар аударатын дүние.

8. Сақтау мерзімі бар

Кез келген тұтынушы әрбір алып тұрған затының сыртына қарап, оның шыққан және соңғы бітетін уақытын қарайды. Ал ол қарамастан бұрын сіз өзіңіздің затыңызға сенімді болсаңыз, оны бірден айтып жеткізіңіз.

9. Маманмен сөйлессеңіз болады

Тұтынушының көңілі мен оның алып тұрған затына күмән келтірес үшін оған арнайы маманның номерін беріп, бағасы мен сапасын білуге шақыруға болады.

10. Көпжылдық тәжірибеміз бар

Кез келген тұтынушымен болған әңгіме кезінде бұл сөздің маңызды орында екенін ұмытпаңыз. 

М. Ақан