Оқи отырыңыз

Жақсылық көрсем – өзімнен,
Жамандық көрсем – өзімнен.

Автор: Сұлтанмахмұт Торайғыров

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Әдеп / Нағыз әйел, нағыз ер қандай болу керек?

Нағыз әйел, нағыз ер қандай болу керек?

Нағыз әйел, нағыз ер қандай болу керек?

Ер мен әйелдің орны туралы қоғамда түрлі пікір бар. Қазақ танымындағы қыз баласы мен ер баланың орны ерекше. Оларға тегінен тектілік беріп, дәстүрмен тәрбиелейді. Бірі отбасының берекесі болса, бірі – мерекесі. 

Таңнан тұра салып, ақ дастарханын жайып, құс жастықты жастанып жатқан күйеуін оятып, асқа шақыру... Жұмысынан кешігіп қалмауын қадағалап, жұмыста шаршап қалмауына алаңдау... Елдің сөзіне қалмас үшін киімін түгендеп, үтіктеп есіктен мейірімді жүзбен, күлімдей шығарып салу... Түс болса отағасы келгенше түскі асын дайындап күтіп отыру... Қайта сол таңдағы сұлу келбетпен шығарып салып, кештің батысын асыға күту, есіктен ентелей кірген күйеуін құшақ жайып қарсы алу... Ақ дастарханға қайта шақырып, түрлі-түсті, шеберлігін салып дайындаған дәмін ұсыну... Ұйқыға кеткен кезде шаршап жатса да күйеуінің көңілі үшін қапсыра құшақтап, «таңға қандай ас дайындасам екен?» деп ұйықтап кету... Дәл осы дүние ертең де қайталанса да, әр күнді жаңа күн деп қарсы алатын... 

Міне, бұл нағыз әйел! 


Құс жастықта жатқан басын көтеріп, оятып жатқан жарының маңдайынан сүйіп, ақ дастархан басына келу... Әр ішкен шайына тамсанып, жұмысқа кеткенше әйелінің жүзіне телміре қарау... киініп жатып, жұмысқа шығып бара жатып, әйелімен қалжыңдасу... көңілін көтеру... Түскі асқа үйіне асығып тұру... Әйелі мен оның асына асығу... Кеш батса жұмыстан үйге жеткенше әртүрлі ой ойлап, «бүгін әйелімді немен қуантсам екен» деп тұру... Шаршап келсе де, әйелінің жүзіне бір қарап марқайу... Тұзы көп болса да тамақты мейрамханадан ішіп отырғандай әсермен отыру... Берекені сақтаушы өзі екенін сезіну... Жатарда қапсыра құшақтап жатқан әйелін құшағына басу... «Ертең таңертең әйелімнің жүзін қайта көрсем» деп ояну... Ата-анасы аманат еткен нәзік жүректі күн сайын бақытқа жеткізуге асығатын... 

Міне, бұл нағыз ер! 

Ал бұл - Отбасы

Автор: Марғұлан Ақан

3172 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: Марғұлан Ақан
Фото: amur.kz
Қосылған күні: 18 маусым, 16:15
Пікірлер
+0
18 маусым, 18:21

Сонда əйел жұмыс істемейді ме? :)

+0
19 маусым, 02:03

Ия істемейді өйткені Ерінің тапкан табысы жеткілікті болса.


Солай дұрыс сияқты негізі.


Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...