Тазалық сақтау флешмобы (видео)

Тазалық сақтау флешмобы (видео)
Фото: youtube.com

Айналасын күтіп таза сақтау әрбір адамның міндеті. Алайда, кейбір жандардың немқұрайлы қарауынан аулалар мен көшелер қоқыстанып кетеді. Мұндай жағдайды біздің елімізден ғана емес әлемнің кез-келген жерінен кездестіруге болады. Дамыған батыс өлкесі адамдардың мәдениеттілігі мен айналасын таза ұстауы үшін қолынан келген барлық шараны жасап жатыр. Сондай экспе риментті белгісіз бір сауда үйінде флешмоб арқылы түсірген. Жеңіл тамақтанатын орында арнайы қоқыс жәшігін қойып, маңайына таусылған бөтелкені тастап кетеді. Еңкейіп алуға ерінген жұртшылықтың ішінен бір әйел ғана мәрттік жасап қоқысты жәшікке тастайды. Соңында барлығы шапалақ ұрып, әлгі жанның мерейін үстем етеді. Керемет көңіл-күй мен жүректегі тазалыққа деген махаббатты оятатын видеоны тамашалаңыздар.

B. ZHAQSYMBET