Әр тамшы есептеулі...

Әр тамшы есептеулі...

Халқымызда үнемдеуге, ысырапшылықты доғаруға шақыратын "Судың да сұрауы бар" деген сөз бар. Бұл сөз көп айтылғанымен сол айтылған жерінде ұмытылып кететінін жоққа шығара алмаймыз. Мысалы, көпшілігіміз күнделікті тіс жуу кезінде құбыр шүмегін өшірмей бірнеше литрден астам су ысырап етеді екенбіз. Жер бетінде су тапшылығынан қиналып жүрген миллиондаған жан барын ескерсек, біздің бұл әрекетіміз сын көтермесі анық. Осы мәселені айтып, халықты су үнемдеуге үндейтін "Әр тамшы есептеулі..." атты "Colgate" компаниясының жарнамалық ролигін назарларыңызға ұсынамыз. Көріңіздер! Ойланыңыздар!

Y. Almabek