"Грэмми-2023" жеңімпаздары анықталды

"Грэмми-2023" жеңімпаздары анықталды

5 ақпаннан 6 ақпанға қараған түні Лас-Вегаста 65-ші "Грэмми" марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды  Massaget.kz тілшісі.

Көпшіліктің назары Адель мен Бейонседе болды. Әлемге танымал бұл әншілердің миллиондаған тыңдарманы бар. Алайда екеуі де шара алдындағы қызыл кілемде көрінген жоқ. Адель жігіті - Рич Полмен бірге бірден үстелге кетті, ал Бейонсе кептеліс үшін кешігіп қалды. Бейонсе кештің басты триумфаторы болды: ол келгенше оған "R&B стиліндегі ең үздік ән", "R&B стиліндегі ең үздік орындау" және "Ең үздік би/электронды орындау" марапатын беріп үлгерді. Нәтижесінде, әнші шара соңына қарай келді.

"Грэмми-2023" марапаттау рәсімінің басты жеңімпаздары:

·         Жыл жазбасы — Лиззо (About Damn Time)

·         Жыл әні — Бонни Рэйтт (Just Like That)

·         Ең үздік жаңа әртіс — Самара Джой

·         Жыл альбомы — Гарри Стайлс (Harry’s House)

·         Ең үздік музыкалық бейне — Тейлор Свифт (All Too Well)

·         Ең үздік соло поп-орындаушы — Адель (Easy on Me)

·         Ең үздік поп-альбом — Гарри Стайлс (Harry’s House)

·         Ең үздік би/электронды альбом — Бейонсе (Renaissance)

·         Ең үздік R&B-ән — Бейонсе (Cuff It)

·         Ең үздік рэп-ән — Кендрик Ламар (The Heart Part 5)

А. Жапатова