Алматы классикалық балет жақұты "Дон Кихотқа" тәнті болды

Алматы классикалық балет жақұты  "Дон Кихотқа" тәнті болды

Орыс балеті әлемдегі ең үздік балет десек,  демалысты Алматы әлемдік деңгейдегі қойылым куәгері болды. Есімдері грация мен кербездіктің синониміне айналған Владимир Шкляров пен Мария Ширинкина Konokbaev Group компаниясының шақыртуымен Абай атындағы Опера және Балет театрына келіп өнер жақұты «Дон Кихотты» көрермен назарына ұсынды.

Сервантес туындысының мотиві бойынша жазылған Мариус Петипаның либреттосы  мен Людвиг Минкус музыкасының негізінде қойылған. Сюжет идальго Дон Кихот емес, Мариинканың премьері мен солисткасы кейіпкерлері төңірегінде өрбиді. Яғни, Базиль мен Китридің махаббатын жырлайды.  Бойжеткеннің әкесі Лоренцо қызын бай адамға бергісі келіп, екеуінің арасына түседі, ал Дон Кихот олардың қосылуына себепкер болады.

«Дон Кихот» балеті Мариус Петипаның ең үздік хореографиялық туындысы саналады. Автордың Испан еліне жасаған саяхаты оның жүрегінде өшпес із қалдырып қана қоймай, осы шығарманы мінсіз етіп жазуына ықпал етті. Бұл балеттің классикалық әдебиеттен айырмашалығы, онда интрига мен зұлымдықтың жоқтығында. Оқиға бастан аяқ күн сүйген Барселонаның  көркем фонында өмірге ессіз ғашықтардың шаттық пен қуанышқа толы биімен өтеді. Болеро, фламенко, зингара керек пе, бәрі бар. Колорит берер коррида мен тореодорларда керемет. Түпнұсқа туындыны жазған Сервантестің испан билері туралы «Жер-Көкті шаттық билеп, қуаныш  салтанат құрғандай күйге бөлейді» деген сөзін ескерсек, Мариус Петипаның шығармасы жазушының болмысынан таймай, керісінше, дөп түскендей дерсіз.

Ал Шкляров пен Ширинкина сахнада бір-бірімен бөлісіп, кезек-кезек компаньон еткен кастаньета үні құлағыңда ұзақ сақталады. Базильді бейнелейтін Владимир Андреевич Шкляров – РФ еңбегі сіңірген әртісі, көптеген халықаралық конкурстар лауреаты әрі иегері, Мариинканың премьері.

Ол туралы The Financial Times: «Владимир Шкляров құштарлыққа толы қимылы һәм академиялық тұрғыдан мінсіз қозғалысымен сананы билеп алады. Ақсүйек әртіс қызуқанды жас жігіттің образын шебер жеткізеді», — деп жазды.

Китридің келбетін келісті жеткізген Мария Ширинкина – Мариинканың бірінші солисі. Оның "Күлбике" қойылымындағы рөлі туралы  MD Theatre Guide: «Мария Ширинкина Күлбике болмысына енгенде хас грация куәгері боласыз, құдды желге тербелген жібек матаның биін көргендей», — деген еді.

А. Оралқызы