«Қазақстан аруы - 2021» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Қазақстан аруы - 2021» байқауының жеңімпаздары анықталды
Фото: Алихан Сариев

"Қазақстан аруы - 2021" байқауының тарихында алғаш рет үш жеңімпаз анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олардың әрқайсысы Қазақстанды ірі халықаралық байқауларда таныстырады.

"Әлем аруы" байқауында Қазақстан атынан ақтөбелік 23 жастағы Назерке Карманова шығады. Ол Ақтөбедегі Қазақ-Орыс Халықаралық университетін бухгалтер мамандығы бойынша бітірген. Қазір Алматыға көшіп келіп, банктердің бірінде менеджер болып жұмыс істейді. Ол садақ атумен айналыса бастаған. Сонымен қатар, видео, суретке түсіргенді ұнатады.

Байқаудың тағы бір жеңімпазы 21 жастағы Айдана Ахатаева болды. Ол - "Астана аруы - 2021" иегері. Ол "Әлем аруы" байқауында елді таныстырады. Айдана Қазақ ұлттық өнер университетін бітірген, қазір елордада музыкалық студияларда фортепианодан сабақ береді. Бос уақытында классикалық музыка тыңдап, шет тілдерін үйренгенді ұнатады.

Үшінші жеңімпаз 20 жастағы қарағандылық Анна Глубоковская болды. Ол Қазақстанды "Жер аруы" байқауында таныстырады. Анна Алматыда дыбыс жабдығы бойынша компанияда жұмыс істейді. Музыкамен әуестенеді, шетел әдебиетін оқығанды ұнатады. Бала кезінен орыс тілінен олимпиадаларға қатысып, жеңіске жеткен. Сонымен қатар, Анна бет әрлеуші мамандығын кәсіби түрде меңгеруді жоспарлайды.

Қазақстанның вице-аруы атағын "Спорт аруы" павлодарлық 20 жастағы Данагүл Қарабай иеленді.

"Қазақстан Аруы - 2021" мерейтойлық 25-ші ұлттық байқауының финалы бірнеше жыл ішінде алғаш рет Алматыда, "Қазақфильм" студиясында өтті.

Финалдағы шоу кезінде Қазақстанның ең әдемі қыздары ARUNAZ отандық сән үйінің киімдері мен Sherri Hill Голливуд брендінің көйлектерін киіп шықты. Дәстүрлі костюмдерді киіп шыққан көрсетілімнен басқа, залдағы және тікелей эфирдегі көрермендер финалистердің ерекше өнерін тамашалай алды.

Сахнада байқаудың төрт қатысушысы өнер көрсетті, олардың номерлері қазылар алқасы тарапынан үздік деп танылды:  "Алматы аруы" Әсият Исембаева "Кербез" ұлттық биін, "Астана Аруы - 2019" Айзада Хабиболаева қобызда Антонио Вивальдидің "Шторм" шығармасын, "Астана Аруы - 2021" Айдана Ахантаева пианинода Батырхан Шүкеновтің "Жаңбыр" әнін, "Таланты ару" Полина Филимонова Абай Құнанбаевтың "Көзімнің қарасы" әнін орындады.

Салтанатты рәсімнің жүргізушілері "Қазақстан аруы - 2013" Айдай Исаева мен танымал тележүргізуші Арнұр Ыстыбаев болды.

Өнер көрсеткен кеш қонақтарының арасында "101" тобы, MEZZO, QANAY, DJ Puza және Mira De Leon секілді танымал қазақстандық әртістер де болды.

Биыл қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы - 2013" иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen, "Қазақстан Аруы", публицист Виктория Момынбаева, Еffective Media Liaison (Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz) ЖШС директоры Сұңқар Қарабалин, қоғам қайраткері Совет Сейітов, "Қазақстан Аруы" директоры Алена Қырбасова, ал қазылар алқасының төрағасы әлемге әйгілі скрипкашы Марат Бисенғалиев болды.

Байқаудың 28 қатысушысының ішінен қазылар алқасы 15 - 13 қызды таңдады, біреуі таланттар байқауының жеңімпазы, екіншісі missqazaqstan.kz сайтындағы дауыс беру жеңімпазы болды.

Байқаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін қазылар алқасы үздік 15 қыздың арасынан өздері туралы айтатын гранд-финалға бес қызды таңдады. Гранд-финалдың 5 жеңімпазын қазақстандықтар тікелей эфир кезінде басталған сайттағы дауыс беру арқылы таңдады.

Еске салайық, 2020 жылы "Қазақстан Аруы" ұлттық сұлулық байқауының дирекциясы пандемияға байланысты дәстүрлі шоуды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

А. Жапатова