"Сәлем саған, Түркістан" фестивалі өтеді

"Сәлем саған, Түркістан" фестивалі өтеді

1-7 қараша аралығында Түркістан қаласында "Сәлем саған, Түркістан!" өнер фестивалі басталады. Бір апта бойы өтетін фестиваль аясында көптеген мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Осыған орай фестивальді ұйымдастырушылар барша қала тұрғындарын құрметті қонақ болуға шақырады.

"Сәлем саған, Түркістан" фестивалі биыл көптеген шараларды қамтиды. Атап айтқанда, 1 қарашада "Фараб" кітапханасында облыстық дәстүрлі орындаушылардың "Күміс күмей" байқауы өтеді. 

Сонымен қатар, "Тұран даласы" бейнероликтер байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Ал 3 қарашада бишілер арасында облыстық "Бұраң бел" би байқауы басталады. Бұл мерекелік кеш өз көрермендерін Конгресс Холлда күтеді.

Шара белгілі күйші Дина Нұрпейісованың 160 жылдығын кеңінен атап өтеді. Көрнекті күйшілердің басын қосатын "Тойбастар" фестивалі 4 қарашаға жоспарланған.

5 қараша күні Түркістандағы "Этноауыл" кешенінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен облыстық "Жанубий Қозоғистон" қоғамдық-саяси газетінің мерейтойына арналған аудандар арасындағы облыстық тағам байқауы осы жерден бастау алады.

6 қараша күні "Фараб" кітапханасының концерт залында "Уақыт және музыка" вокалдық аспаптар ансамблінің облыстық байқауы өтеді.

Фестивальдің соңғы күні Сауран қаласына баруға болады. Бұл күні сансыз қазынамыз – қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс өтеді.

А. Оралқызы