Метрополитен мұражайы қарызын өтеу үшін 219 өнер туындысын сатады

Метрополитен мұражайы қарызын өтеу үшін 219 өнер туындысын сатады

Метрополитен өнер мұражайы бюджет тапшылығының орнын толтыру үшін өз коллекциясынан 219 өнер туындысын сатылымға шығарады. COVID-19 пандемиясының жалғасуына байланысты аталған  мекеме қарызы 150 миллион долларға жетті. Бұл туралы Artforum басылымы хабарлайды.

Өнер туындылары, нақтырақ айтсақ, фотосуреттер 24 қыркүйектен бастап Christie's бәссауда үйінде өтетін үш аукцион сессиясында сатылады. Роберт Франк, Рой Лихтенштейн мен Франк Стелла туындылары қойылатын аукционнан миллион долларға жуық табыс түседі деп күтіліп отыр.

Болашақта мұражай өз коллекциясынан тағы да бірнеше туынды сатуды жоспарлап отыр. Мұндай қадам Америка мұражай директорлары қауымдастығының коронавирус пандемиясына байланысты өнер туындыларын сату ережелеріне енгізген уақытша өзгерістерінің арқасында мүмкін болып отыр. Олар тек 2022 жылдың сәуіріне дейін өз күшінде болады. Өзгерістердің арқасында мұражайлар туындыларды сатудан түскен қаражатты тек коллекцияны толықтыруға ғана емес, сонымен қатар оны сақтап қалуға да пайдалана алады.

А. Оралқызы