Әйелге артылатын жүкті ер адамның жүрегі көтере алмайды - Кенжебек Жанәбiлов ER-BATYR жобасында

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы – танымал әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов. Жүргізуші Тимур Балымбетовпен әңгіме барысында ол пандемия көптеген әртістің кәсіп бастауына мүмкіндік бергенін, жақсы тәрбие деген не екенін, дұрыс ойлау жетістікке жетуге қалай жол ашатынын айтты, сонымен қатар, жақсы нәрселер туралы көбірек ойлауға шақырды. Жобаның жаңа шығарылымын ER-BATYR YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна", Vostok FM радиоарнасы және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Жоба қонағы пандемия көптеген өнер адамына өзін бизнесте сынап көруге мүмкіндік бергенін айтты.

"Ол өз түзетулерін енгізді, бұл көптеген өнер адамының өз ісін ашуына, басқа нәрселермен айналысуына жол ашты. 2020 жылы біздің дүниетанымымыз бен ойымыз сәл өзгерді.Бір орында тұрған жоқпыз. Менің жақын досым, кәсіпкер Ерлан Асдасбай маған бір бизнес ашуды ұсынды: ол "Халал" сертификаты бар “Элит”тәттісін бірге қолға алуды ұсынды. Мен "Неге ашып көрмеске?" деп ойладым. Сөйтіп, 2020 жылдың қазанында біз бірге бизнесімізді аштық", - деді әнші.

Кенжебек Жанәбілов бұған дейін оның карантиндегі тойда ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікірін айтты:

"Иә, мен оны мойындаймын. Несін жасырамын? Бізге салынған айыппұлды төледік. Сонымен бітті. Кейін ешқандай шу болмады. Карантиннің басында қорқынышты сәттер көп болды. Біраз уақыттан кейін жағдай сәл жақсарды, біз осы сәттерді ескеріп, сонда бардық. Келгендердің бәрі осы аурудан өткеніне көз жеткіздік. Бірақ бізге белгілі бір уақытқа ғана келгеніміз айтылды. Біз сонда бардық, мен біраз уақыт болып, бір жерге баруым керек еді. Мен кетейін деп жатқанда, камера ұстап мониторинг тобы мен полиция келді. Ол жерде ешкімді өлтірген жоқпыз, ештеңе ұрламадық, бізге салынған айыппұлды төледік те, кеттік".

"МузАРТ" - тобының әншісі жақсы тәрбие не екенін де айтты.

"Жақсы тәрбие дегеніміз - балалар абыройлы болып, ата-аналарының атына кір келтірмеуі. Егер басқалар балаларыңа қарап, бұл балалар жақсы және үлгілі отбасынан шыққан екен десе, онда мақтану керек. Сізге басқа ештеңе қажет те емес. Құдай сақтасын, бірақ мен бір отбасының мүшесі бола тұра, бір-бірімен соттасқан адамдарды көрдім. Мұндайды көрген кезде, іштей ұрпағың ондай болмаса екен дейсің. Мен әрдайым және барлық жерде отбасыма тек жақсылық тілеймін. Бұдан асқан бақыт жоқ", - деді әртіс.

Жоба қонағының айтуынша, адам дұрыс ойласа, көп нәрсеге қол жеткізе алады.

"Біз әрдайым бірінші кезекте жаман нәрсені көрсетеміз, ал жақсылық артта қалады. Егер біреу жақсы нәрсе жасаса, оны неге қолдамасқа. Егер үнемі жақсылық жасайтын адам бір рет өзін жаман жағынан көрсетіп қалса, жұрт оның жақсы істерін бірден ұмытып, сынай бастайды. Біз кез келген нәрсені тек жаман жағынан көрсетіп, солай қабылдамауымыз керек. Мәселенің мәнін түсінуіміз керек. Меніңше, кез келген іс пен әрекет ойлар мен идеялардан тұрады. Егер адам дұрыс ойлай алса, онда ол көп нәрсеге қол жеткізіп, отбасы әл-ауқатының негізі бола алады. Егер сен тек жаман нәрсені ойласаң, онда ісің алға баспай, отбасыңды ұзаққа сақтай алмайсың. Егер біреулерге жала жауып, өсек таратсаң, ақыр соңында бұл жағымсыз салдарға әкеледі. Кез келген әрекет тұрақтылықтан тұрады. Көп нәрсе ойлау қабілетімен байланысты", - деді ол.

ER-BATYR – ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, шоумен және тележүргізуші Марат Оралғазин, коммуникация бойынша маман Әлішер Елікбаев, "Фридом Финанс" компаниясының бас директоры Тимур Турлов, кәсіпкер Райымбек Баталов, медиамагнат Арманжан Байтасов, Asar-ume қайырымдылық қорының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев, Ninety one тобының продюсері Ерболат Беделхан, продюсер және актер Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев болған.

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-арнасынан қараңыздар. Жобаның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы - erbatyrkz.