Белгілі тележүргізуші Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы 70 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Нұртілеу Иманғалиұлы Иманғалиев 1952 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Діңгек ауылында дүниеге келген.

Нұртілеу Иманғалиұлы "Құрдастар", "Жастар дауысы", "Арай", "Жадыңда ма, жолдас", "Айна", "Жас жігер", "Бетпе-бет", "Қолтаңба", "Діңгек", "Көршілер", "Заң сөйлесін", "Nur-Tiley" авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды.

2006-2007 жылдары "Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы, одан кейінгі жылдары "Қазақстан РТРК" АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. Соңында ізбасар шәкірттер тәрбиеледі.

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, "Алтын Жұлдыз" сыйлығының иегері, ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кұрметті профессоры, Ақсу ауданының "Құрметті Азаматы".

Бүгін Ұлттық арна эфирінен естелік хабарлар мен арнайы жобалар беріледі.