Комикс оқудың пайдасы

Біраз уақытқа дейін комикстер тек жасөспірімдерді қызықтыратын, пайдасы аз, нағыз "кітап" санатына жатпайтын жанр саналды. Мұндай таптаурын комикстің әмбебап жанр болып танылуына кедергі болды. Бүгін комикс оқудың пайдасын талқылаймыз.

Комикс және оқиға

Комикстердегі оқиғалардың баяндалуына мән берсек, олар тіл стилі мен суреттеудің бірнеше түрін еркін пайдаланады. Тұрмыстық тақырыптан бастап ғылыми тақырыптарға дейін көтеріледі. Комиксте оқиға кеңістігінде кездесетін кейіпкердің түрі бейнеленеді. Белгілі бір нобайы бойынша жұмыс істейді. Өздеріне тән символдар мен тілдердің түрлі ерекшеліктері қолданылады. 

Графика арқылы баяндау — қалыпты нәрсе. Супер қаһамандар ұмытылған емес, олар мифтік образға айналып, өз фанаттарың жаңа шығарылым арқылы қуантып отырады.

Қазір комикс стилін тек жамандық пен жақсылық арасындағы мәңгі соғысты көрсету үшін ғана емес, тарих, психология, философия, физика, химия, статистика сынды бағыттарда түсіндірме жұмысын жасау үшін де пайдаланады.

Ко­мик­с балаларға да, ересектерге де пайдалы

Бала кезде ертегі оқып отырып, күлбикеге жанымыз ашып, өгей шешесі көрсеткен қорлығы үшін жазасын алса екен деп уайымдайтын едік. Комикстер бүгінде өзінің оқиғасы мен әрі суреттерімен оқырманды біресе уайымдатып, біресе шабыт сыйлап, бірде күлдіріп алады. Тек мәтіннен тұратын туындыға қарағанда, комикстер визуал арқылы суреттерден басты нәрсені көруді және іздеуді үйретеді. Одан бөлек, комикстер кітап оқуды ұнатпайтындардың оқуға деген қызығушылығын оятуы мүмкін.

Сурет сөзге қарағанда әлдеқайда жақсы есте қалады

Сурет – ко­мик­стің басты бөлшегі. Сурет сөзге қарағанда әлдеқайда жақсы есте сақталып қана қоймай, жеткізу дәрежесі бойынша жылдамырақ. Бейнелер арқылы ақпарат алу жеңіл әрі тез. Сөз арқылы толық ашылмаған әрекет құпиясын, эмоциялар мен жағдайды көрсетеді. Сөзге қарағанда суреттің өтімділігін түсіну үшін, қарапайым "LOL" және "OMG" сленгтерін алмастырған эмоджилерді, In­sta­gram әлеуметтік желісінің рекордын (2018 жылы күніне 95 миллион жазба) еске алсақ жеткілікті. 

Сөз сөйлейді, сурет көрсетеді

Суретші, комикс-роман авторы Арт Шпи­гель­ман комисктерді "Co-Mix" деп атайды. Сол арқылы ол медианың өзара кірігуін көрсететіндей. Сөйлемдер мен суреттер өзара байланыса алады, бірін-бірі толықтыра алады, қарама-қайшылықтар да кездеседі. Сәйкесінше, оқырман ақпараттың 90 пайызын түсіне алады. 

Комикстер фильмді, театр пьесаларын және компьютер ойындарын еске түсіреді. Бірақ оларға қарағанда комиксте шектеу деген болмайды.