Кешіре білу де ерлік. ER-BATYR жобасында Қанат Бейсекеев

Кешіре білу де ерлік. ER-BATYR жобасында Қанат Бейсекеев
Фото: tengrinews.kz

ER-BATYR жобасында танымал режиссер Қанат Бейсекеев. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында әкесінің өнегесі, адамдарды кешіру, сондай-ақ жеңіл ақшаға деген көзқарасы туралы сөз қозғады. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-каналынан көре аласыздар. 

Жобаның ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер: "Жетінші арна" мен "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Жоба ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Қазақстандағы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының қолдауымен жүзеге асырылады.

Қанат Бейсекеев - танымал режиссер, журналист, оператор және сценарист, New York Film Academy-дің түлегі. Ол Америкада тұратын қазақстандықтар туралы бірнеше деректі фильм түсіргеннен кейін таныла бастады. Оның жұмыстарының қатарында - Truckdriver, Kazakh Cop in Brooklyn, "Бала", "Хочу танцевать", "Соседи", "Просто Сабуров" және "Жусан. . Дорога домой. Казахи в ИГ" деректі фильмдері бар. 

Қанат Бейсекеевтің сөзінше, жеңіл ақшаға деген тәуелдік қазіргі замандағы аурулардың бірі болған. 

"1990-жылдары тез ақша табу мүмкіндігі болатын. Ол кездері көп адам кедей өмір сүретін, бірақ жақсы жұмыс істеп, ақша тапқандар да болды. Еңбек етіп, тез ақша табуға болады деген түсінік қалып қойған. Бірақ өз ісіңнің маманы болсаң және пысық болсаң ақшаң көп болады дейтін. Меніңше, ұтыс, букмекерлік кеңселерге деген қызығушылық та содан шыққан. Егер қандай да бір медиа тұлға, вайнер, блогерлер: "Карантинде құры отырудың орнына мына жерге тіркеліңіз, біз сізге болжамдар ұсынамыз" деп айтса, оның барлығы өтірік. Сізді алдайды және сіз арқылы қыруар қаржы табады", - дейді спикер. 

Сондай-ақ режиссер әкесі қандай үлгі-өнеге көрсеткенін айтты. 

"Ол маған ештеңе жайдан жай келмейтінін түсіндірді. Әкем егер бақытты өмір сүргің келсе, жұмыс істеп, еңбек етіп, бәріне өзің қол жеткізу керегін айтатын. "Менде бәрі жайдан жай болған жоқ. Аспаннан түскен ештеңе жоқ. Сенің атаңда да. Бәрі қиындықпен келді. Егер мұны ертерек түсінсең, бұл біздің өміріміздің, отбасымыздың, қанымыздың формуласы" дейтін. Ата-анам адал әрі еңбекқор болуды үйретті", - дейді режиссер. 

Сұхбат барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі көтерілді. Қанат Бейсекеевтің сөзінше, ол ер адамдардың статусының төмендеуімен байланысты. 

"Оған ер адамдардың өзі кінәлі. Жұмыссыздық салдарынан ер адамдар үйде басшы емес. Ал ол басшы екенін қалай дәлелдейді? Тек қол көтеру арқылы. Осындай формула. Бұрын бала кезімде үйдің алдындағы үстелдерде әжелер отырғанын көрсем, қазір тек ер адамдар отыратынын байқадым. Кезінде ақшаны көп тапқандар, қазір жалақысы аз жерде жұмыс істегісі келмейді. Ол басшы екенін дәлелдеу, әйелін осылай ұстайтынын, ер адам екенін дәлелдеу эгосы. Тағы бір мәселе - білім мен мәдениет жоқ, біз ер адам, әйел адам болу мәдениетін жоғалтып алдық", - дейді ол. 

Режиссердің сөзінше, кешіре білу - ерлік. 

"Егер ол жақын адамым болса, кешіре аламын деп ойлаймын. Егер ол жақының бола, қаласаң да, қаламасаң да кешіресің, себебі кешіре білу де ерлік. Адамдарды кешіру өзің үшін жақсы. Жақындарымды кешіре алмай жүрген сәт басымнан өтті, сол ренішпен ұзақ уақыт жүріп, ол маған іштей кедергі келтірді. Ал жақында ұмытып, кешіріп, ары қарай өмір сүруге дайынмын деген ой келді. Солай жеңілірек", - дейді спикер. 

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев болған.

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан қараңыздар.

Т. Раушанұлы