Құнды жәдігер: Мария Антуанеттаның айнасы 40 жыл бойы дәретханада ілулі тұрған

Құнды жәдігер: Мария Антуанеттаның айнасы 40 жыл бойы дәретханада ілулі тұрған
Фото: dailymail.co.uk

Бір британиялық отбасының үйінде 40 жыл бойы ілулі тұрған антиквариат айнаны бір кездері Франция патшайымы болған Мария Антуанетта пайдаланған. Иелері оның соншалық құнды реликвия екенін арнайы маманға көрсеткенге дейін білмей келген. Патшайым жәдігерінің құны – $13000. Айна 13 қарашада бәссаудаға қойылады.

Айнаны бағалаған белгілі сарапшы Эндрю Стоу оның артқы жағындағы қағаз ізін байқап, сол бойынша біраз дерек анықтаған. Мұрағаттарды зерттей келе маман жәдігердің Мария Антуанеттадан кейін Наполеон III Бонапартқа тиесілі болғанын анықтады. Айна туралы ақпарат 1880 жылғы аукцион каталогынан да табылған. Ол кездегі бәссаудада (жеті жыл бұрын өмірден өткен) қолбасшының үйіндегі заттар сатылған екен.

Король Людовик XVI-ның әйелі Мария Антуанетта Француз төңкерісінен кейін 1793 жылы өлім жазасына кесілген. Табылған айна сол кезде сарайдағы үлкен коллекцияда сақтаулы болған.

Т. Раушанұлы