Берлинде "Абай үйі" ашылды

Берлинде "Абай үйі" ашылды
Фото: gov.kz

Берлинде "Абай үйі" қазақ мәдени-іскерлік үйінің  салтанатты ашылуы өтті. 

Іс-шара аясында "Абай үйі" мәдени-іскерлік үйінің тұсаукесері өтіп, онда Германиядағы қазақ қауымдастығының мәдени, іскерлік және білім беру қызметін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Мәдени үйді ашуға Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен "Отандастар" қоры "Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы" ХҚҰ-мен бірлесіп күш жұмсаған.

Бұған дейін "Абай үйі" мәдени-іскерлік үйлері Омбыда, Ташкентте, Стамбұлда ашылған еді. 2020 жылдың соңына дейін Бішкек, Берлинде тағы екі "Абай" мәдени-іскерлік үйі ашылады деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге "Отандастар қоры" КЕАҚ шетелдерде "Абай үйі" мәдени-іскерлік үйлері желісін ашуды жалғастырып жатыр.

Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің қазақ диаспорасымен жұмыс басқармасының басшысы Мұхтар Кәрібай, Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Қуаныш Әмірғазиев, "Отандастар" қоры" КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, Германия-Қазақстан  қоғамының директоры Галина Нұртазинова, Қазақстан Республикасының Баден-Вюртембергтегі құрметті консулы Доротея Халлер-Лейбле, Германиядағы қазақ қауымының өкілдері қатысты.

А. Рысдәулет