Лувр қайта ашылды

Лувр қайта ашылды
Фото: delo.ua

Коронавирус пандемиясы кезіндегі шектеулерге байланысты 4 айға жуық жабылған Лувр мұражайы 6 шілдеде қайта ашылды.

Мұражай әкімшілігі коронавирус жұқтыру қаупін азайту үшін келушілерге қатаң шектеулер қойды. Атап айтқанда, Францияның ең ірі өнер мұражайына келушілер алдын ала билеттерді сатып алады, кезекке тұрмайды және медициналық маска киюі керек.

Музей залдарының 70% -ы келушілерге ашық болады. Мұражай келушілерді асыға күткенімен, олар қатаң санитарлық-гигиеналық талаптардан өтуі керек. Көрмені қарау қатаң бағытта жүргізіледі.

Лувр пандемиядан бір жыл бұрын 9,6 миллион адамды қабылдады. Ал 2020 жыл мұражай үшін коронавирусқа байланысты сәтті болмаған.

Маусым айының соңында туристер үшін Париждің тағы бір көрікті жері – Эйфель мұнарасы ашылған еді.

Т. Раушанұлы