Грета Тунберг тағы да Нобель марапатына ұсынылды

Грета Тунберг тағы да Нобель марапатына ұсынылды
Фото: vk.com

Әлі оқушы болса да, есімі бүкіл әлемге таныс Грета Тунберг бейбітшілік саласы бойынша тағы да Нобель марапатына ұсынылды.

Оның кандидатурасын Швецияның Йенс Холм мен Хакан Свеннелинг есімді саясаткерлері ұсынған. Олар өз таңдауларын былай түсіндірді: "Грета әлем мемлекеттерінің басшыларын экологиялық мәселелерге дел-сал қарамауға шақырды. Бұл жолда үлкен еңбек сіңірді. Мұның өзі бейбіт өмірге деген талпыныс".

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Грета дәл осы марапатқа ұсынылған еді, бірақ комиссия Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмед Алиді лайық деп тапты. Сондай-ақ, атақты Time журналы Гретаға  "Жыл адамы" атағын берді.

А. Оралқызы