#MassFilm: Қаңтар айында жарыққа шығатын фильмдер

#MassFilm: Қаңтар айында жарыққа шығатын фильмдер
Фото: themarysue.com / kinoafisha.info / film.ru/ kino-teatr.ru /parade.com / kinoreporter.ru /ign.com/

Кино индустриясы жыл сайын қарқынды дамып келеді. Мультфильмдер мен қосымша эффектілер сапасы жетілгені сонша, кейде бұның бәрін адам жасап шыққанына сену қиын. Жылдың алғашқы айы да жақсы туындыларымен көрерменді қуантпақ. Бүгін қаңтар айында жарыққа шығатын фильмдер топтамасын ұсынамыз.

6 қаңтар

Жасырын тыңшылар / Камуфляж и шпионаж / Spies in Disguise
Ел: АҚШ
Жанр: мультфильм, фантастика, комедия, отбасылық
Режиссері: Ник Бруно, Трой Квон
Жас шектеуі: 6+

Картинки по запросу spies in disguise

Тыңшы Лэнс Стерлинг – өз ісінің маманы. Ол кез келген жерге еш қиындықсыз кіре алады, қауіп төндірген жауының күлін бір-ақ сәтте көкке ұшырады. Қасында гаджеттері болса болғаны. Оның сенімді досы Уолтер гаджеттерді құрастыруға көмектеседі. 

9 қаңтар

Ричард Джуэллдің ісі / Дело Ричарда Джуэлла / Richard Jewell
Ел: АҚШ
Жанр: биография, шытырман, драма
Режиссері: Клинт Иствуд
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу дело ричарда джуэлла

Фильм 1996 жылы Атлантадағы Олимпиада ойындарында күзетші болған Ричард Джуэллдың ерлігін баяндайды. Ол ішіне жарылғыш зат салынған сөмкені байқап қалып, дер кезінде үлкен қатердің алдын алады. Бірақ, қошемет пен марапат ұзаққа созылмайды. Бірнеше күннен соң Джуэлл күдіктілердің тізіміне ілініп, БАҚ өкілдерінің қанауына ұшырайды. 

16 қаңтар

Шамшырақ / Маяк / The Lighthouse
Ел: АҚШ, Канада
Жанр: хоррор, тылсым, шытырман, детектив
Режиссері: Роберт Эггерс
Жас шектеуі: 18+

Картинки по запросу Маяк фильм

1890 жыл. Ифраим Уинслоу алыс аралға шамшырақ бақылаушысының көмекшісі болып жұмысқа орналасады. Оның бастығы – ақсақ, мұртты Томас Уэйк. Ол көмекшісін құлдай көреді. Оған шамшыраққа көтеріліп, жарықты басқаруға мүмкіндік бермейді. Ифраим төрт апта бойы Уэйктің жанына серік болады. Оның өмірі мен ойы қиын жұмыс күндерімен бірге өзгереді.

Кішкентай бикеш Дулиттл / Маленькая мисс Дулиттл / Liliane Susewind - Ein tierisches Abenteuer
Ел: Германия
Жанр: қияли, комедия, отбасылық, криминал
Режиссері: Йоахим Масаннек
Жас шектеуі: 5+

Картинки по запросу маленькая мисс дулиттл

Лилиан жануарларды жақсы көріп қана қоймай, олардың тілін жақсы түсінеді. Оның адам айтса сенгісіз ерекше қасиеті тек отбасына ғана аян. Бірақ хайуанаттар бағына қауіп төнгенде, оның бұл тылсым қасиеті күллі әлемге белгілі болады. 

Есімдер әуені / Песня имён /The Song of Names
Ел: Канада, Венгрия
Жанр: драма, тарихи
Режиссері: Франсуа Жирар
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу Песня имён

Өмір жолы Холокостқа сәйкес келген екі музыканттың өмірін баяндайтын фильм тарихи оқиға негізінде түсірілген. Олардың біреуі маңызды іс-шара алдында жоғалып кетеді. Тек 40 жылдан кейін оқиғаның ақ-қарасы анық болады. 

Қар арасынан / Сквозь снег / Snowpiercer
Ел: Чехия, Оңтүстік Корея
Жанр: фантастика, әскери, драма
Режиссері: Пон ДжунХо
Жас шектеуі: 18+

Картинки по запросу Сквозь снег

Болашақ. 17 жыл бұрын Жер ғаламшарында ірі апат болды. Нулы ормандар мен жасыл бақтардың орнын қар мен мұз басқан. Техникадан тек пойыз ғана бар. Пойыздың алғашқы вагондарында басқарушы тап өмір сүрсе, соңғы вагондары қарапайым халыққа тиесілі. Бұл жердегі өмір тұтқындар лагерін еске салады: кедейлік, дерт пен бақылаушылардың аяусыз таяғы… Талай жыл бойы қорлық көріп өскен жас жігіт енді әділдік орнатпақшы. Бірақ жақсылықтың артында жамандық бар, кез келген революция өз "баласын" тірідей жейтіні де жасырын емес. Бұл – бостандық пен әділдіктің жолында құрбан болғандар хикаясы.

23 қаңтар

Фахим / Шахматист / Fahim
Ел: Франция
Жанр: биография, комедия, драма
Режиссері: Пьер-Франсуа Мартен-Лаваль
Жас шектеуі: 12+

Картинки по запросу шахматист фильм 2020

Жасөспірім шахматшы Фахим әкесімен бірге Бангладештен Парижге қоныс аударады. Францияда Фахим белгілі шахматшы Сильвианмен танысады. Олар басында бір-бірінің тілін таба алмаса да, кейін жақын досқа айналады.

Офицер мен тыңшы / Офицер и шпион / J'accuse
Ел: Франция, Италия
Жанр: триллер, драма, тарихи
Режиссері: Роман Полански
Жас шектеуі: 18+

Картинки по запросу офицер и шпион

Француз арнайы қызмет тобының капитаны Альфред Дрейфуске жала жабылып, ол Атлант мұхитының тропик аралдарына жер аударылады. Оны Германияның тыңшысы деп айыптайды. Дрейфустың серіктесі әрі тыңшылар департаментінің басшысы Жорж Пикар зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Дрейфусты жазалау барысында дәлел ретінде қолданылған құпия құжат сол күйі жоғалып кетеді. Пикар өз серігіне тағылған айыпты жоққа шығару үшін сол құжатты табуы тиіс. 

Су асты / Под водой/ Underwater
Ел: АҚШ
Жанр: хоррор, тылсым, шытырман
Режиссері: Уильям Юбэнк
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу под водой 2020

Cу асты зерттеу орталығының кемесі жер сілкінісінен кейін істен шығады. Жерге оралу үшін олар 13 километр биікке көтерілуі керек. Жолда олар белгісіз жануардың шабуылына тап болады. 

Тентектер / Плохие парни навсегда / Bad Boys for Life
Ел: АҚШ
Жанр: әскери, триллер, шытырман, криминал
Режиссері: Адиль Эль Арби, Билал Фалла
Жас шектеуі: 18+

Картинки по запросу плохие парни навсегда

Бёрнетт серіктесі Лоуримен сөзге келіп қалғаннан кейін, Майамидегі полиция қызметінен кетеді. Лоуриде күйзеліс басталады. Олардың артына ағасының өлімі үшін кек алуға бел буған ізкесуші түскенде қос жігіт қайта бірігуге шешім қабылдайды.

30 қаңтар

1917
Ел: АҚШ, Ұлыбритания
Жанр: әскери, триллер, драма
Режиссері: Сэм Мендес
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу 1917 фильм 2020

1917 жыл. Бірінші Дүниежүзілік соғыстың қызған кезі. Екі жас сарбазға қауіпті жұмыс тапсырылады. Олар жаудың территориясын кесіп өтіп, діттеген жерге құпия хатты жеткізуі тиіс.  

Кішкентай бикештер / Маленькие женщины / Little Women
Ел: АҚШ
Жанр: мелодрама, драма
Режиссері: Грета Гервиг
Жас шектеуі: 16+

Похожее изображение

Фильм арманы бөлек, бір-біріне ұқсамайтын төрт әпкелі-сіңлілердің басынан кешкен оқиғаларын баяндайды. Оқиға АҚШ-тағы Азаматтық соғыс уақытына сәйкес келеді. Қыздардың кезіккен алғашқы махаббат, теңсіздік, орындалмаған армандар мен адастырған тағдырлар сынды мәселелер әр уақыт өзекті болып қалмақ.

Т. Есқали