Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / "Оскар" жүлдесін кім алуы мүмкін?

"Оскар" жүлдесін кім алуы мүмкін?

"Оскар" жүлдесі – кино саласында қызмет ететіндер үшін басты жетістік. Олар кейде өмір бойы осы жүлдені алу үшін еңбек етеді."Оскар 2020" жақындаған сайын үміткерлердің есімдері аталып, кино сыншылар болжам жасай бастайды. Көрермендер өз араларында кім лайықты деген сауалға жауап таба алмай жатқан сәтте, Gold Derby ресми сайттар үміткерлердің аттарын жариялады. Бүгін негізгі төрт номинация "Үздік фильм", "Үздік актриса", "Үздік режиссер" және "Үздік актер" атағынан үмітті жұмыстар мен есімдерді ұсынамыз. 

"Үздік фильм"Картинки по запросу "ирландец""

Мамандардың пайымдауынша, үздік фильм атағына Мартин Скорсездің "Ирланд" (Ирландец) атты криминалды драмасы лайықты. Одан кейінгі сатыға Квентин Тарантиноның "Күндердің бір күнінде… Голливудта" фильмі орналасқан. Аталған номинация бойынша үшінші үміткер – басты рөлдерде Скарлет Йоханссон мен Адам Драйвер сомдайтын "Неке тарихы" (Брачная история) фильмі.  

Сонымен қатар, кәріс триллері "Арамтамақтар" (Паразиты) мен Сэм Мендестің әскери драмасы "1917" фильмінің жеңу мүмкіндігі жоғары екенін айтқан. Ал, "Джокер" бұл тізімде тек тоғызыншы орында тұр. 

"Үздік режиссёр"Картинки по запросу "Мартин Скорсезе""

"Оскар" жүлдесінен үмітті режиссёрлер тізімі мынадай: Мартин Скорсезе, Квентин Тарантино, Пон Джун-хо, Сэм Мендес, Ноа Баумбак.

"Үздік актриса"

Картинки по запросу "Рене Зеллвегер""

Мамандардың айтуынша, жеңіске жетуі ықтимал актрисалардың арасында "Джуди" фильміндегі рөлі үшін Рене Зеллвегер көш бастап тұр. "Неке тарихы" фильмідегі рөлімен көзге түскен Скарлетт Йоханссонда қалысар емес. "Жанжал" (Скандал) фильмінде басты рөлді сомдаған Шарлиз Терон үшінші орынға жайғасқан. Үміткерлер арасында Сирша Ронан (Кішкентай әйелдер), Аквафина (Қоштасу) және Синтиа Эриво (Гарриет) атты актрисалар бар.

"Үздік актер"Картинки по запросу "хоакин феникс джокер""

Үздік актер номинациясы бойынша басты үміткер — Хоакин Феникс ("Джокер"). Оның бәсекелестерінің қатарында Адам Драйвер ("Неке тарихы") мен Роберт Де Ниро ("Ирланд") көш бастап тұр. Ал,  Антонио Бандерас, Леонардо Ди Каприо мен Эдди Мёрфидің номинацияға ие болу мүмкіндігі төмен.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: kinopoisk.ru
Қосылған күні: 02 желтоқсан, 14:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.