Леонардо Ди Каприоның өмірлік сабақтары

Леонардо Ди Каприоның өмірлік сабақтары
Фото: kp.ru/

"Титаник" фильмі арқылы танылған Леонардо Ди Каприо – бүгінде Голливудтың ең мықты актерлерінің бірі. Оның барлық фильмдері жоғары сұранысқа ие болады. Тіпті, "Оскар" жүлдесі берілмей, ұзақ жүріп қалғанда да, жанкүйерлері біраз шулаған болатын. Бірақ, біз білетін актер бұл жетістіктерге жету үшін талай сыннан өткен. Бірде сүрінсе, енді бірде оған демеу болғандар табылған. Оның әртүрлі басылымдарға берген сұхбатында айтылған оның өмірлік сабақтарын ұсынамыз.

Басқа актерлермен салыстырғанда, бала кезімде менің тағдырымның қайда бағыт алғаны белгісіз еді. Мен Голливудтың кедейлері тұрақтаған лашықтар арасында өстім. Өзімді есінен алжасқан ересек ретінде ғана көретінмін. 

Голливудта өскеніме қарамастан, актер болу мен үшін қанға сіңіп, ген арқылы берілуі керек нәрсе секілді көрінетін. Менің басыма, бар болғаны агенттікке жазылып, кастингтерге бару керек деген ой келмепті. 

Мектепті сен қаламаған нәрсеге бар назарды аударуға мәжбүрлейтіні үшін жек көремін.

Мені табанды адам деп айтуға болмайды. Бірақ, жасым он беске толған жылы мен шамамен 160 түрлі тыңдалым мен кастингке бардым. Бірде бір рөл бұйырмады. 

Маған анамның менің жетістігіме деген көзқарасы ұнайды. Мен таныла бастағаныма қарамастан, ол күнде таңертең мені "Тұр, жаттығу жаса, ерініп жатқаны несі, жүгірмек?!" деп ұйқыдан оятатын алатын. 

Танымалдылықпен келген қуаныш ұзаққа созылмайды. Сен басты жетістік сені көшедегі әр адамның тануы емес, сен өмірден өткен кезде жұмыстарыңның халық есінде қалуы екенін ұға бастайсың.  

Мен үшін ең қиыны – жалғыздықта өмір сүру.

Маған қарапайым, күнде көшеде көретін, өзінің жұмысымен кетіп бара жатқан әйелдер ұнайды. Кештерге достық қана байланыстыратын әйел адамдармен барамын.  

Мен бір сәтке кей достарым сияқты жауапсыз, артын оймайтын ақымақ болғым келеді. Бірақ, салдарын ойласам, өзіме мұндай еркіндік бере алмайтынымды түсінемін. 

Әдеттегі голливудтың ақшалы есерсоғына айналғым келмейді. Мен кедей болдым, бірақ ең бақытты сәттерім де сол кедейлікпен өтті.  

Маған өмірден өткен кіммен тілдескің келеді десе, мен "Кейн азаматын" түсіріп жатқан Орсон Уэлс деп жауап берер едім. Өкінішке орай, журналистер ешқашан бұндай сұрақ қоймайды. 

Меніңше, Американың басты мәселесі – өздері ешнәрсе білмейтін елдерде тәртіп орнатуға тырысуы. 

Африка өзімді анонимді сақтап қалатын жалғыз ел. 

Атақ әмбебап рұқсат қағазы іспеттес: қайда қаласаң, сонда барасың.

Мен бала кезімде биолог болуды армандадым. Бірақ, ешбір басылым бұл сөзімді жазған емес.

Мен көп нәрседен қорықпаймын. Тек акулалар, бөгде ғаламшарлықтар мен жаһандық жылыну болмаса...

Әрқашан шындыққа ұмтыл.


Т. Есқали