Нобель сыйлығының бейбітшілік саласы бойынша жеңімпазы анықталды

 Нобель сыйлығының бейбітшілік саласы бойынша жеңімпазы анықталды
Фото: nobelprize.org

Норвегия астанасы Ослода 2019 жылғы Нобель сыйлығының бейбітшілік саласы бойынша жеңімпазы анықталды. Ол – Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмед Али.

"Абий Ахмед Али Эритреямен шекарадағы қақтығысты басуда көрсеткен жанкешті қызметі үшін осы сыйлыққа лайық болды" делінген Нобель сыйлығының ресми сайтында

Абий Ахмед Али 2018 жылдың сәуір айынан бері елдің премьер-министрі қызметін атқарады. Ол – Нобель сыйлығын иеленген алғашқы эфиопиялық азамат. 

Абий Ахмед Али соңғы 20 жыл ішінде алғаш рет Эритерея басшысымен кездесіп, екіжақты бітімге келуге қол жеткізген. Сонымен бірге екі мемлекет басшысы ел арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін жолдарды ашу қарарлары қабылданған. 

Айта кетейік, әйгілі ғалым Альфред Нобельдің өсиеті бойынша: "Ұлттарды ынтымақтастыру, құлдықты жою, армия санын қысқарту және бейбітшілік әрекеттерін амалға асыруға үлес қосқандар үшін" бейбітшілік сыйлығы 1901 жылдан бері тағайындалып келеді. Осы уақытқа дейін бейбітшілік бойынша 99 рет Нобель сыйлығы тағайындалған және сыйлыққа 133 адам лайық деп танылған. 

Т. Раушанұлы