Президент алматылықтарды Қала күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алматылықтарды төл мерекелерімен құттықтады. Мемлекет басшысы құттықтауын Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Бүгін Алматы күні. Алматының байырғы тұрғыны ретінде барша алматылықтарды осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Алматы - әлем картасындағы ерекше орны бар қала. Бұл - достықтың, келісім мен татулықтың бесігі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.