Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / ТОП-5: Әлемдегі ең атақты аукциондар

ТОП-5: Әлемдегі ең атақты аукциондар

ТОП-5: Әлемдегі ең атақты аукциондар

Бүгінде аукционның не екенін білмейтін адамды кездестіру қиын. Жыл сайын олардың танымалдылығы артып келеді, тіпті, кейбір адамдар сол саланың нағыз маманына айналған. Аукцион тек сатушылар үшін ғана тиімді емес, сатып алушылар да пайдалы сауда жасайды. Өйткені, аукционнан ең сирек жәдігерді де кездестіруге болады. Заманға сай аукциондар интернет кеңістігіне өтуде. Бүгін massaget.kz порталы әлемдегі ең атақты ТОП-5 аукционды атайтын болады. 

1. Кристис (Christie's)

Картинки по запросу christie's аукцион

Christie’s аукционының іргесін 1766 жылы антиквар Джеймс Кристи қалайды. Басынан бастап аукцион үйі аталмыш нарықта көш бастайды. Джеймс Кристидің сауда үйінде патша отбасы мен белді адамдарға тиесілі құнды дүниелер мен көркем мұралар сатылды. Сонымен қатар, бұл салада қарапайым сауда түрін өнерге айналдырған Джеймс Кристи саналды. Бүгінде Christie's әлемдік арт-нарықтың көшбасшы, 2015 жылғы қорытынды бойынша олардың табысы $7,4 миллиардтан асқан. 

2. Сотбис (Sotheby's)

Картинки по запросу Sotheby's

Әлемдегі ең ескі аукцион саналады. Бұл үй 1744 жылы кітап саудагері Сэмюэл Бейкердің көмегімен тұрғызылады.  Оған дейін үш аукцион үйінің негізі қаланған болатын. Бастапқыда Сотбис тек шенеуліктер ғана бас қосатын жабық клубы саналады. Бейкердің компаниясы алғашқы жүз жылдықта тек кітап саудасымен айналысады. Кейін дағдарыс кезінде, 1983 жылы Сотбис компаниясын америкалық кәсіпкер Альфред Таубман сатып алады. Бүгінде әлемнің түкпір түкпірінде Sotheby's компаниясының 100-ден астам кеңсесі бар. Олар тек сирек әрі бағалы кітаптарды сатып қана қоймай, өнер туындыларын да саудалайды.

3. Бонхамс (Bonhams) 

Картинки по запросу bonhams  auction

Әмбебап Bonhams аукционы Британиядағы ең ірі аукциондардың қатарына кіреді. Оны 1793 жылы Томас Додд пен Вальтер Бонхам салады. XVIII ғасырда Bonhams ескі әрі сирек кездесетін классикалық өнер туындыларын сатумен айналысады. 2000 жылы Бонхамс компаниясын Brooks сатып алады да, атауы Bonhams&Brooks деп өзгереді. Бүгінде 70 түрлі затты саудалайды: картиналар, көліктер, музыкалық аспаптар, шарап, кілем мен дизайн объектілері.

4. Доротеум (Dorotheum)
Неміс тілінде сөйлейтін елдер үшін Доротеум ірі әрі белді аукцион саналады. Оның негізін Иосиф I патша 1707 жылы қалайды. Жыл сайын Доротеум шамамен 600 аукцион өткізеді. Басқалардан айырмашылығы, сатып алушы ие болған затын бірден өз меншігіне алады. 

5. Макдугаллс (MacDougall's)


МасDougall's негізі 2004 жылы Уильям және Екатерина Макдугалл көмегімен қаланады. Бұл аукцион тек орыс және славян өнер туындыларын ғана саудаға салады және бұл сала бойынша әлемдегі ең көлемді аукциондардың үштігіне кіреді. Ережеге сай, МасDougall's жылына екі рет аукцион өткізеді. Сатылым көлемі бойынша Ұлыбританияда 5 орынға жайғасқан.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: www.castletoysandgames.com/
Қосылған күні: 24 тамыз, 12:21

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.