Интернеттегі ең ықпалды адамдар рейтингі

Time журналы әдеттегідей "Ең ықпалды адамдар" рейтингін жасады. Тізімде 25 атақты адамның аты аталған. Олардың қатарында блоггерлер, шоу-бизнес жұлдыздары, саясаткерлер мен корольдік отбасы мүшелері бар.

Атап айтатын болсақ, Гарри ханзада мен оның жұбайы Меган Маркл өз аккаунттарын тіркеген сәттен 6 сағат өтіп үлгермей миллион адамдық аудиториясы бар желі тұтынушыларына айналды. 25 адам ішінде Дональд Трамп есімі де аталады. Оның желіде 1 күнде 80 хабарлама қалдырған кездері болған екен.

Актриса әрі әнші Ариана Гранде мен рэппер Cardi B де рейтингтен тыс қалмады. Ариана өміріне қызығатындар саны 223 миллион болса, Карди 47 миллион фолловерге ие.

Рейтингтің толық тізімімен танысқыңыз келсе, мына сілтемеге өтіңіз.