Букингем сарайында Леонардо Да Винчидің квест-бөлмесі ашылды

Букингем сарайында Леонардо Да Винчидің квест-бөлмесі ашылды
Фото: vk.com

Леонардо Да Винчидің өмірден өткеніне 500 жыл толуына орай биыл әлемдік арт кеңістікте көптеген шаралар ұйымдастырылды.

Бұл үрдістен Букингем сарайы да тыс қалмады. Ең алдымен, шебердің 200 жұмысы ұсынылған көрме ашылды. Сондай-ақ, нағыз өнерсүйер қауымға арналған  Леонардо Да Винчидің квест-бөлмесі жұмысын бастады. Квестке қатысушылар шебер туындыларын зерделей отырып, бірнеше тапсырманы орындауы тиіс.

А. Оралқызы