"Муз-ТВ" сыйлығы-2019: Димаш Құдайберген кеш қонағы ретінде ән шырқады

"Муз-ТВ" сыйлығы-2019: Димаш Құдайберген кеш қонағы ретінде ән шырқады
Фото: instagram.com/muztv, instagram.com/arman_dav

Димаш Құдайберген биылғы "Муз-ТВ" музыкалық сыйлығын табыстау рәсімінің арнайы шақыртылған қонағы болды. Димаш қызыл кілем бойымен өте сәнді костюммен жүріп өтті. Пиджакта оның атының (Di) бірінші әріптері бейнеленген скрипкалы кілт кесте тігілген. 

Оған дейін "Муз-ТВ" телеарнаның ресми парақшасында "Биылғы шоуға Димаш Құдайберген қатысатын болса, ұмытылмастай болып өтетіні анық" деп жарияланған болатын.

Айта кететін жайт "Голос. Дети" жобасының биылғы жеңімпазы және Димаш Құдайбергеннің жолын қуушы Ержан Максим де "Муз-ТВ" сыйлығын табыстау рәсіміне шақыртылып, қызыл кілеммен жүріп өтті. 

А. Жапатова