Мишель Уэльбек "Құрмет Легионы" медалімен марапатталды

Мишель Уэльбек "Құрмет Легионы" медалімен марапатталды
Фото: vk.com

Француз жазушысы Мишель Уэльбек "Құрмет Легионы" медалімен марапатталды. Елдің ең маңызды орденін оған Франция президенті Эммануэль Макрон өз қолымен тақты. Бұл туралы Le Figaro басылымы хабарлаған болатын.

Салтанатты рәсім 18 сәуір күні өтті. Оған Францияның экс-президенті Николя Саркози, жазушы Фредерик Бегбедер ("99 франк"), әнші Жан-Луи Обер қатысты.

Уэльбекке марапатты ұсынып тұрып президент жазушыны "Материализм үстемдік құрған заманның романтигі" деп атады. Сондай-ақ Макрон Уэльбектің кітаптары көпшілік айтқандай пессимистік емес, керісінше үмітке толы туындылар екенін айтып өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Мишель Уэльбектің соңғы "Серотонин" аталатын туындысында "сары жилеттер" қозғалысы туралы айтылады. Ал, роман оқиға орын алардан бұрын жазылған еді.

А. Оралқызы