Қасым-Жомарт Тоқаев: "Димаш – ән өнеріндегі құбылыс"

Қасым-Жомарт Тоқаев: "Димаш – ән өнеріндегі құбылыс"
Фото: inform.kz

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инстаграм парақшасында Димаш Құдайберген туралы жазба қалдырды. Мемлекет басшысы Димашты ән өнеріндегі құбылыс санап, болашақта биік белестерді бағындыратынына сенімді.

"Димаш Құдайберген – ән өнеріндегі құбылыс, нағыз талант иесі. Қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген виртуоз. Кеше қазақтың мақтанышына Өзбекстан жұртшылығы да тәнті болып, өнеріне қол соқты. Димаштың әлі талай биіктерді бағындырарына сенімдімін және тілектеспін, – деген ел басшысы инстаграм парақшасында.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу рәсіміне арнайы барып, гала концертте өнер көрсетіп жиналған қауымды таңдандырған болатын.

Т. Раушанұлы