«TeleBingo» лотерея ойыны – әр апта сайын миллионер атану мүмкіндігі!

«TeleBingo» лотерея ойыны – әр апта сайын миллионер атану мүмкіндігі!
Фото: vk.com

«Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотерея операторы «TeleBingo» атты жаңа ойынында әр апта сайын миллионер болатынын хабарлады.

Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарды жаңа телевизиялық форматтағы «TeleBingo» атты әсерлі лотерея ойыны күтуде. Әр сенбі сайын сағат 20:00-де көрермендер жарқын эмоциялар мен мега-сыйлықтар еліне жол тарта алады. Ол үшін бар болғаны «TeleBingo» билетін Сатып алып, «7 Арнадан» тираж ойынын Қарау керек. Лотерея билеттерінің сатылымы бүгін, 10 желтоқсанда, басталды. 

TeleBingo – бұл тікелей эфирде өтетін 40 минуттық телевизиялық лотерея ойыны. Ол екі концептуалды бөлімнен тұрады: лотерея ұтыс ойыны мен студиядағы шоу.

«Bingo» - әлемде ең танымал лотерея ойындарының бірі. Тарихы 5 ғасыр бұрын басталған«Bingo» ойынының көптеген түрлері бар, алайда 2 түрі ең кең тараған. Оларды географиялық тұрғыдан – британдық және американдық немесе қолданылатын номерлер санына байланысты – бинго 90 және 75 деп жиі атайды. «TeleBingo» тираждық лотереясы бинготрон және 1-ден 90-ға дейін номерленген шарлардың көмегімен өтеді. Дәл осы модель қазақстандықтардың қабылдауына оңай әрі түсінікті. Ойын 7 турдан тұрады.Экранның ар жағында отырған ойыншылар өз билеттерінде бинготроннан түскен сандарды нақты уақыт тәртіптемесінде белгілейді.

«Bingo»-ның кепілді ұтыс мөлшері 1 000 000 теңгені құрайды. Бұған қоса, ойын құрастырушылары «SuperBingo» деген жаңа ұғым енгізді. Ол 40-шы жүрісті қоса санағанда барлық шарлардың сәйкес түсуін талап етеді. «Super Bingo» сомасы тираждан тиражға жинақталады, алайда лотерея ережесі бойынша 6 тираж бойы сома ойнатылмаса, 7-ші тиражда кепілді түрде «Super Bingo» ойнатылатын болады.«Super Bingo»-ның күтулі сомасы – 50 000 000 теңге! «TeleBingo» лотереясының Жүлде қоры 55,5%-ды құрайды.

Бірнеше кезеңнен тұрған іріктеу нәтижесінде «TeleBingo» жүргізушілері болып Тахир Сұлтан мен Әния Байораз таңдалды. Бұның алдында Тахир «Екі Жұлдыз», «Ән салайық», «Алақай Балақай» бағдарламаларының жүргізушісі болған, ал Әния«Жаңа күн», «Жарайсың», «Күліп оян»» бағдарламаларын жүргізген. «TeleBingo» телевизиялық жобасын дайындау және түсіру үшін еліміздегі ең мықты продакшндардың бірі Серік Акишевтің «Телемастерская»продакшны бекітілді.Әйгілі продакшн 30-дан астам жобаны ел назарына ұсынған, барлығын бірге қосқанда жалпы эфир уақыты 5000 сағаттан асады. Телевизиялық бағдарламаның бас режиссері ретінде атақты Лев Мариупольский бекітілді.

Бұдан бөлек «TeleBingo» ойынының құрастырушылары алдарына аса міндет қойып отыр: олар «Bingo» ойынымен қатар, еліміздегі ең жолы болғыш адамды іздейтін болады. 54 апта ішінде 300-ге тарта қазақстандық тікелей эфирде студияда өтетін шоуға қатысып, сәттілікке негізделген ондаған сайыстардан өтеді. Олардың 5-і Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қатысушылар, ал біреуі – лотерея билеттерінің таратушысы. Бұл сайыста қатысушыларды автомобиль, тұрмыстық техника, электроника, туристік жолдамалар және ірі ақшалай сыйлықтар күтеді. Алғашқы үш шоуда Ұлттық лотерея операторы кепілді түрде автомобиль ойнататын болады. Қатысушылардың біреуі ғана Қазақстандағы ең жолы болғыш адам болып таңдалып, жыл соңында өтетін финалда супержүлдені қанжығасына байлайды! Студияда өтетін шоудың қатысушысы болу үшін «TeleBingo» сөзін 5290 номеріне СМС арқылы жіберіп, тіркеу мен кездейсоқ іріктеуден өту қажет.

«Сәтті Жұлдыз» АҚ-ның президенті Александр Тенның айтуынша, Ұлттық лотерея операторы өз алдына отбасы мүшелерін бір-біріне жақындата түсетін және бір-бірімен уақыт өткізуге мүмкіндік беретін отбасылық шоу жасауды мақсат етті. Себебі, «TeleBingo» - бұл қазақстандықтарды байытуға бағыталған ойын-сауықтық отбасылық бағдарлама.

«TeleBingo» ойынына қатысу үшін ойыншылар лотерея билеттерін сатып алады. Билеттерді Қазақстанның барлық ірі қалаларындағы серіктес-дүкендерден сатып алуға болады. 1 билет құны 300 теңгені құрайды.

«Сәтті Жұлдыз» АҚ – Қазақстан Республикасы аумағындағы ұлттық лотерея операторы. Компания 2016 жылдың 4 сәуірінде құрылған, ал 2017 жылдың 10 ақпанында Бірыңғай лотерея операторы болып танылды.  «Сәтті Жұлдыз» АҚ-ның қызметі ҚР мәдениет және спорт министрлігімен реттеледі.

Стратегиялық серіктесі Scientific Games International (АҚШ) корпорациясымен бірлесе «Сәтті Жұлдыз» қазақстандықтарға әлемдік деңгейдегі лотерея өнімдерін ұсынады. Компания қоржынында жалпы жүлде қоры 50% асатын тираждық және лездік ойныдар бар.

2018 жылы компания әлемдегі екі ең беделді лотерея қауымдастықтары – еуропалық ELA және әлемдік WLA-ның Мүшесі атанды, бұл лотерея ойындарының қауіпсіз, сапалы, адал және әлеуметтік жауапты ұйымдастырылуының көрсеткіші болып табылады.

Бірінші тираж – 22 желтоқсан 20:00-де
Сатылымның басталу күні – 10 желтоқсан 
«TeleBingo» - САТЫП АЛ! ҚАРА! ОЙНА! ЖЕҢ!

А. Оралқызы