2018 жылғы "Нобель" сыйлығы иегерлері марапатталды

2018 жылғы "Нобель" сыйлығы иегерлері марапатталды
Фото: ria.ru

Швеция астанасы Стокгольмде 2018 жылғы "Нобель" сыйлығының лауреаттары марапатталды. Стокгольм Концерт залында өткен салтанатты кеште медицина және физиология, физика, химия мен экономика салалары бойынша "Нобель" сыйлығы иелеріне тапсырылды. 

Швеция королі Карл XVI Густавтың қолынан медаль мен дипломды медицина және физиология бойынша Джеймс Аллисон (АҚШ) мен Тасуку Хондзё (Жапония), физика саласы бойынша Артур Эшкин (АҚШ), Жерар Мур (АҚШ/Франция) және Донна Стрикланд (Канада) алды. Профессор Артур Эшкин сырқаттығына байланысты келе алмай, сыйлық оның ұлына табыс етілді.

Химия саласы бойынша Фрэнсис Арнольд (АҚШ), Джордж Смит (АҚШ) және Грегори Винтер (Ұлыбритания) марапатталды. Экономика бойынша АҚШ-та жұмыс істейтін профессорлар Вильям Нордхаус пен Поль Ромeр марапатталды. 

Биыл марапаттың ақшалай сыйлығы 9 миллион швед кронын (1 миллион доллар) құрады. Салтанатты кешке 1500-ден астам адам – жүлдегерлер жанұясы, швед саясаткерлері, мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен ғылым және студенттік ұйым атынан келгендер қатысты. Жеңімпаздардың құрметіне "Нобель" сыйлығының мерекелік кеші атақты "Көк залда" өтті. Марапаттау кешін жергілікті SVT телеканалы тікелей эфирден көрсетті.

Т. Раушанұлы