Бір сағат уақытыңызды қия аласыз ба?

Бір сағат уақытыңызды қия аласыз ба?
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

Әкесі бүгін жұмыстан әдеттегідей шаршаңқы қалыпта үйіне кеш оралды. Есіктен кіргенде оны бес жасар ұлы күтіп алды.

— Әке, сізден бірдеңе сұрасам бола ма?
— Әрине балам. Не боп қалды?
— Әке, сіз күніне қанша табасыз?
— Онда шаруаң болмасын! – деп жекіп тастады әкесі. — Неге сұрадың?
— Жәй, әшейін. Өтініш әке, айтыңызшы. Шынымен қанша табасыз?
— І-і-і… негізі 5000. Жай ма?
— Әке-е-ее-ее-е… — баласы әкесіне еркелей қарады. Әке, маған 3000 бере аласыз ба?
— Сен сонда қайдағы бір ойыншық үшін ақша бергенімді қалайсың ба? — деп айқайлады ол. — Тез бар да, ұйықта! Өйтіп өзімшіл болма! Мен күні бойы жұмыс істеп қатты шаршаймын, ал сен ақымақ сияқтысың.

Баласы үндемей бөлмесіне кірді де, есігін жапты. Әкесі баласының өтінішіне ашуланып есік алдында тұрып қалды. «Иә, ол менен айлық табысым туралы сұрап алып, кейін тағы да ақша сұрамақшы ғой?» Аз уақыттан соң ол есін жиып алды да, сабырға келіп ойлана бастады: «Мүмкін шынымен де оған ақша керек боп тұрған шығар. Оншалықты көп ақша сұраған да жоқ. Тіпті ол менен бұрын бұрын да сұрамаған». Ойланып тұрды да, баласының бөлмесіне кірді. Ол төсекте жатыр еді.
— Балам, ұйықтап қалмадың ба? — деп сұрады ол.
— Жоқ әке. Жәй жатырмын. , — деді бала.
— Мен саған тым дөрекі жауап берген сияқтымын, — деді әкесі. — Бүгін бір ауыр күн болды. Соған кішкене шаршап қалдым. Кешірші мені. Міне, ала ғой балам, бұл сен сұраған ақша.
Бала кереуеттен тұрды да күліп жіберді.
— Рақмет, әке! — деп қуанышты жауап берді.
Сосын ол жастығының астынан жинаған ақшаларын шығарды. Әкесі баласының ақшасына қарады да, ашуға булықты. Бала ақшаны мұқият санап шықты да әкесіне қарады.
— Өзіңде ақша бола тұра менен неге сұрадың? — деді әкесі.
— Себебі бұл ақша жетпейтін еді, — деді баласы. — Әке, мына жерде толық 5000 теңге. Сіздің бір сағат уақытыңызды сатып алсам бола ма? Сізден қатты өтініп сұраймын, ертең жұмыстан ертерек келіп бізбен бірге кешкі ас ішіңізші… 

Т. Раушанұлы