Мария-Антуанеттаның әшекейі рекордтық суммаға сатылды

Мария-Антуанеттаның әшекейі рекордтық суммаға сатылды

Франция тарихындағы атағы Жер-жаһанға мәшһүр патшайым Мария-Антуанеттаның әшекейі Sotheby's бәссауда үйінде рекордтық суммаға сатылды.

Тамшы формасындағы маржан $ 36,1 миллионға өтті. Бәссауда үйінің хабарлауынша, бұрынсоңды мұндай суммаға әшекей бұйым сатылмаған екен.

Саудаға Мария-Антуанеттаның 10 бұйымы қойылған. Оларды осы күнге дейін Парм Бурбондары әулетінің өкілдері сақтап келген екен. Олардың кейбірі соңғы 200 жылда алғаш рет халық назарына ұсынылып отыр. Ұйымдастырушылар $ 1-2 миллионға жоспарлаған маржанның құны сауда барысында күрт өскен. Сатып алушының аты құпия қалды.

Естеріңізге сала кетейік,  Людовик XVI патшаның жұбайы Мария-Антуанеттаның 1793 жылы, яғни, Франция революциясынан кейін басы шабылады. Өмірімен қоштасар алдын барлық қымбат таспен көмкерілген дүниелерін туыстарына беріп үлгерген екен. Коллекциядағы гауһартасты сырғалардың бірінде патшайымның шашы сақтаулы тұрған.

А. Оралқызы