America's Got Talent жобасының қорқынышты қатысушылары

America's Got Talent жобасының қорқынышты қатысушылары
Фото: br.canalsony

America’s Got Talent  – әлемдегі ең танымал шоулардың бірі. Оған түрлі қабілеті бар адамдар ағылып келеді. Олардың әрбіреуінде шынымен де таңғалдыратын дарыны бар. Ал кейбіреулері қорқытып та жібереді.

Ойнағысы келетін қасиетті Риана

Қасиетті Риана (The Sacred Riana) Джакартадан келген 26-жасар сиқыршы. Ол өз нөмірін қорқынышты шоуға айналдырады. Риана 2017 жылы Asia’s Got Talent жобасын ұтып, Американы қорқытуға келген.

Сүйегі жоқ Трой Джеймс

Бұл жігіттің түрі жылы көрін,се де, іс-қимылы аздап қорқытады. Осы шоудан соң,29-жасар Трой Джеймс "Флэш" сериалындағы қауіпті акробат рөлін алды. Тройды көпшілік "өрмекші адам" деп те атайды.

Сөзсіз күлдіретін Сэм Уиллс

40-жасар күлдіргі әртіс Сэм Уиллстің бейнесі қорқынышты, бірақ ,  ол – өте күлкілі және біртүрлі жігіт. Оның лақап аты – Tape Face.

А. Жапатова