Меган Маркл мен Кейт Миддлтонды кім қорғайды?

Меган Маркл мен Кейт Миддлтонды кім қорғайды?
Фото: elle.ru

Меган Маркл мен Кейт Миддлтон халық сүйіктілеріне айналды. Соның ішінде, қыздар олардың киіну стиліне қызыға қарайды. Герцогинялардың әрекеті сайт беттеріне лезде шығады.

Корольдік отбасының күзеті камера көзіне түсе бермейді. Қазір Гарри ханзада мен Меган Маркл Аустралия, Фрейзер, Фиджи және Тонга аралдарын аралап, үлкен корольдік турда жүр. Гарри ханзада мен Меган Маркл Фиджи аралына келгенде герцогиня Оңтүстік тынық мұхиттық университетінде сөз сөйлеп, Фиджи астанасы Сува қаласының базарына барды. Сол базарда Меганның күзетшісі көлеңкеден шығуға мәжбүр болды: адам ойлағаннан да көп болып, Меган көшеге шыға алмады. Оны халық тобырынан қоршауға әйел оққағар шықты. Оның аты әзірге белгісіз.

Кейт Миддлтонды да әйел оққағар күзетеді. Сержант Эмма Проберт сарайда 2010 жылдан бері жұмыс жасайды.

А. Жапатова