Фрида Калоның онлайн көрмесі

Фрида Калоның онлайн көрмесі
Фото: vk.com

Google Arts & Culture қосымшасы "Фриданың келбеті"  атты онлайн көрмесін аралау мүмкіндігін береді. Экспозиция жасау үшін әлемнің 7 елінен 33 серіктес мұражай күші біріктірілген.  

"Фриданың келбеті" – атақты қылқалам шеберінің шығармашылығына арналған ең көлемді коллекция. Жалпы саны 800 экспонат енгізілген. Олардың ішінде Калоның (20-сы алғаш рет цифрлы нұсқада ұсынылып отыр) өз жұмыстары және жеке мұрағатынан алынған фотосуреттер, күнделік жазбалары, хаттары бар. Оның шығармашылығының бастапқы кезіндегі сызбаларын да тамашалауға болады.

Қосымша жүктеген тұтынушылар Google Street View онлайн экскурсиясы арқылы Фрида Кало өміріндегі маңызы жоғары орындарға саяхат жасай алады.  Мысалы, Калоның алғашқы және соңғы күндері өткен музей-үйін ("Көгілдір үй" атымен танымал) көру мүмкіндігі бар.

Т. Раушанұлы